Page 474 - indexf
P. 474

Бондық қоршаулардың құрылысы қалқымалы (жүзбелі), экрандаушы және
балласты бөліктерден тұрады. Бонның жүзбелі бөлігі ауамен толтырылған
жеке дара қалқымалар түрінде болуы мүмкін. Экрандау бөлігі бонның жүзбелі
бөлігіне бекітілген және орнықты болу үшін балласты шынжырмен, құбырмен
жүктелген иілгіш қатты пластина түрінде болып келеді.

     Қазіргі кезде шетел фирмаларымен шығарылатын бон қоршауларының ша-
мамен 150 түрі белгілі.

     Акваторияда бонды қоршау қондырғысының U-тәрізді тәсілі бір бағытта ұзақ
уақыт жүретін жел және ағыс әсерінен ығатын (18.4-сурет) мұнай төгінділерін
жайылдырмау үшін қолданылады. Қоршаудың әрбір ұзындығы қажет болғанда
(ірі төгінділер кезінде), бонды зәкірлерде әрбір 30-45 м аралықта орнатады.

   18.4-сурет. Мұнай, газ өндіру аймағында мұнайды
         жинау және қоршаудың типтік сұлбасы:

  1 – буксир; 2 – 200 м бондар «Т-Т»; 3 – мұнай жинау
құрылғысы; І – қозғалыс бағыты; ІІ – мұнайдың төгілуі

     Теңіздің ластанған учаскелерінің бетінен мұнайды және мұнай өнімдерін
механикалық жинаудың техникалық құралдарын: мұнай жинау қондырғысы
және арнайы жабдықталған мұнай жинау кемелері деп 2 топқа бөлуге болады.

     Қозғалу және бекіту тәсіліне байланысты мұнай жинау қондырғылары:
өздігінен жүретін, стационарлы, сүйретілетін және сорапты болады, ал мұнай
және мұнай жинау принципі бойынша абсорбционды және адгезиондық, шектік
(порговые), ортадан тепкіш, сорғыш деп бөлінеді.

     Мұнайөндірістік шаруашылығының ашық фонтандау, суасты мұнай
құбырларының жарылысы, сонымен қатар табиғат апаттарынан (дауыл, құйын,
мұз басу, т.б.) бұзылуы кезінде мұнайдың теңізде үлкен төгінділерін оқшаулау
және жайылдырмау үшін жүзу аймағы және табиғат жағдайлары бойын-
ша шектеуі жоқ экспедициялық кемелер қолданылады. Мұндай кемелердің
сыйымдылықтарын теңіз бетінен жиналған мұнайдың сыйымы ретінде пайдала-

         474

МАЗМ¦НЫ
   469   470   471   472   473   474   475   476   477   478   479