Page 494 - indexf
P. 494

Мұнай, мұнай өнімдері, конденсат, радиоактивті заттар және ауыр метал-
дар сулы ортаға орасан зор әсер етеді. Ауыр металдар мұнайдың құрамында
айтарлықтай көлемде болуы мүмкін. Суды ластаушы ретінде мұнай, мұнай
өнімдері қоршаған орта мен оны мекендеушілерге ерекше әсер етеді.

                                                                                 18.6-кесте.
Мұнай-газды, оның өнімдерін өңдіру, сақтау, тасымалдау, өңдеу және

      пайдаға асыру кезіндегі қоршаған ортаны ластаушы көздер:

Ластаушы көздер                            Ластаушы заттар
                                Жер Су Атмосфера

Ұңғылар, бұрғылау жабдықтары    Орташа  Төмен   Төмен

Құбырлар тізбегі                Жоғары  Орташа  Төмен

Мұнайды өңдеу қондырғылары      Орташа  Орташа  Жоғары

Мұнай-газды сақтайтын қоймалар  Орташа  Жоғары  Жоғары

Газ өңдейтін қондырғылар        Төмен   Орташа  Жоғары

Транспорт                       Орташа  Төмен   Жоғары

     Судың бетін көп мөлшерде жұқа қабатпен жаба отырып, мұнай оттегі,
көмірқышқылды және басқа да биологиялық зат алмасуды бұзады да,
планктондарға, теңіз және өзендегі фауна мен флораға қауіпті әсер етеді.

     Каспий теңізінде моллюскалардың ішінде мұнайға анағұрлым сезімталы
– кардиум. Мұндай түрдегілердің жартылай ұшпалы концентрациясы 50 мкг/л
гаммарид үшін – 10-15 мкг/л, милистер үшін – 100-200 мкг/л.

     Мұнайдың аз концентрациялы мөлшерінде де балыққа әсер ету кезінде
оның қанының құрамы мен көмірсутекті алмасуын бұзады. Мұндай кезде мұнай
балықтарға наркологиялық әсер етеді де, кейбір балықтар ластанған аймақтан
кетуге тырыспайды. Егер судың құрамындағы мұнай мөлшері 100 мг/м³-тан
артық болса, балықтың етіне спецификалық иіс пен дәм береді, ол ешқандай
технологиялық өңдеуге келмейді.

     Жоғарыда айтылғандай мұнай-газ саласы қоршаған ортаны және оның
жекелеген нысандарын ластауда өте қауіпті болып қалады. Олардың табиғи
ортаның негізгі компоненттеріне әсері (ауаға, суға, жерге, өсімдіктерге жануар-
лар әлеміне және адамдарға) табиғи көмірсутектердің, олардың серіктерінің
улылығымен, технологиялық үдерісте қолдану кезіндегі химиялық заттардың
алуан түрлілігіне байланысты.

     Құрамында әртүрлі химиялық қосындылары бар мұнай, мұнай және
бұрғылау шламдары, ағынды сулар қоршаған табиғи ортаға қауіпті әсерін
тигізеді. Олар мынадай үдерістер кезінде көп мөлшерде су қоймаларға және
басқа да экологиялық нысандарға келіп түседі:

     •	 тасымалдау құралдарының апатты жағдайларында;
     •	 газ мұнай құбырларының жарылуы кезінде;

                                494

                  МАЗМ¦НЫ
   489   490   491   492   493   494   495   496   497   498   499