Page 495 - indexf
P. 495

•	 ұңғымаларда және технологиялық жабдықтарда колонналардың
          саңылаусыздығы бұзылған кезде;

     •	 тазартылмаған кәсіпшілік ағынды суларды су қоймаларға, булану
          аймағындағы су арықтарына жіберу кезінде;

     Континенталды қайраңда мұнайды өндірудің қарқынды өсуі қоршаған
ортаның ластануына тура әсер етеді. Әсіресе, теңіз суының мұнаймен және
мұнай өнімдерімен ластануының өсуіне баса көңіл аудару керек. Зерттеулерге
сүйенсек, қазіргі уақытта мұхитқа әртүрлі ластаушы көздерден жыл сайын, ша-
мамен, 6,25 млн тонна мұнай ағып кетеді.

     Каспий теңізінің солтүстік бөлігі сирек кездесетін биологиялық ресурстарға
ие тайыз сулы аймақ болып табылады. Әсіресе, ондағы балық қоры ерек-
ше көңіл аударады. Әлемдік рынокта жоғарғы сұранысқа ие бекіре тұқымдас
балықтардан басқа да бағалы балықтар мен итбалықтардың түрі бар. Жағалауда
өсетін қамыс құрақ қопаларында құстардың ондаған түрлері, соның ішінде си-
рек кездесетін, қызыл кітапқа енгізілген құстардың түрлері мекендейді. Осы
және басқа да факторлар акваторияларда өнеркәсіптік игерудегі экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыздандыру және бағалау ісінің маңыздылығын көрсетеді.

     Ластаушы көздерін талдау Каспий теңізіндегі мұнай және газ кен орында-
рын барлау және игеру барысында теңіз, әсіресе мұнаймен, химиялық өңделген
сазды ерітіндімен, жанғыш-майлағыш материалдармен, химиялық реагенттер-
мен, сонымен қатар техникалық сулармен ластанатынын көрсетеді.

     Бұл ластанулардың негізгі себептері:
     •	 гидротехникалық құрылыстардың, технологиялық жабдықтардың кон-

          структивті жетілмегендігі және олардың сенімділігінің жеткіліксіздігі;
     •	 бұрғылау және өндірудің технологиялық үдерісінің жетілмегендігі және

          олардың автоматизациясы мен телемеханизациясының төменгі деңгейде
          болуы;
     •	 аса қауіпті нысандардағы жұмысты бақылау мен диагностика деңгейінің
          төмендігі;
     •	 көмірсутекті шикізатты өндіруде, тасымалдауда және өңдеуде,
          технологиялық нысандарды басқару мен жобалауда ғылыми әдістер
          (модельдеу, оптимизация шешім қабылдау әдістері) мен қазіргі заманғы
          компьютерлік технологияны пайдаланудың төменгі деңгейлігі;
     •	 мұнай-газ кен орындарын бұрғылау мен пайдалануда теңізді ортаның
          ластануының алдын алушы арнайы керек заттардың, сонымен қатар
          теңіз бетіне төгілген мұнайды оқшаулау мен жинауға керек заттардың
          жетіспеуі мен жоқтығы;
     Су ресурстары мұнай өңдейтін және химиялық комплекстерінің мұнай
және мұнай өнімдерін лақтыруы нәтижесінде айтарлықтай ластанады. Мұндай
тасталған заттардың бір ерекшелігі – олардың бір жерде шоғырлануы, бұл
теңіздің шектелген бір аймағында мұнай мен мұнай өнімдерінің жоғарғы кон-
центрациялануына әкеледі.

         495

МАЗМ¦НЫ
   490   491   492   493   494   495   496   497   498   499   500