Page 492 - indexf
P. 492

ортасының екінші ретті ластануын туғызуы мүмкін. Тұнған мұнайдың суас-
ты флора мен фаунаға әсері толық анықталмағандықтан ластанған мұнайдан
қорғанудың бұл тәсілін абайлап қолдану қажет. Теңіз бетін мұнайдан таза-
лау төгілген мұнайды жағу жолымен де жүргізілуі мүмкін. Теңіздің ашық
аймақтарындағы ластанған мұнаймен күресу үшін инженерлік ғимараттардан
алшақ жерлерде жағу әдісі қолданылады. Мұнай дағын жағу оның жеткілікті
қалыңдығында ғана орындалуы мүмкін, кері жағдайда жылудың көп мөлшері
суға кететіндіктен жану үдерісін қалыпты ұстау қиынға соғады, сонымен
қатар мұнайдан ұшқан фракциялар жылдам булануынан жануды қиындатады.
Ұлыбританияда жүргізілген тәжірибелер орташа тығыздықтағы төгілген шикі
мұнайдың жалпы көлемінен 33%-ға дейін буланып кететінін көрсетті. Бетінде
қалатын ауыр фракциялар жануға бейімділігі аз. Мұнайды жағып және жануды
ұстап тұру үшін арнайы жанғыш материалдар, мысалы, целлюлоза қалдығы, си-
ликонмен өңделген сынап, ағаш ұнтақтары, карби және т.б. қосудан құралады.
Мұнай дағының жануын ұстап тұру, мұнай қабыршағының қалыңдығы 3 мм-
ден кем емес болған кезде ғана мүмкін, сондықтан мұнайды жағу барысында
бондық қоршаулар көмегімен мұнайды концентрлеу ұсынылады.

     Суды мұнайдың ластануынан биологиялық тазалау әдісі теңіз орта-
сында мұнайдың көмірсутектерін энергия көзі ретінде қолдануға қабілетті
микроағзалардың кең таралғандығына негізделген. Қазіргі уақытта мұнайды
және мұнай өнімдерін жылдам қышқылдайтын биологиялық препараттар-
ды жасауға көп көңіл бөлінуде. Мұнайдың жайылуының үлкен әсерлілігі
микроағзалармен байланысының алғашқы күнінде байқалады. Жеткілікті
жоғарғы температурада және жақсы қанығу кезінде микроағзалар мұнайды
күніне су бетіне 2 г/м² жылдамдықпен қышқылдауы мүмкін. Бірақ төменгі тем-
пературада бактериялды қышқылдану өте жүреді, ал арктикалық теңіздерде
мұнай ұзақ уақыт (50 жылға дейін) сақталуы мүмкін.

     Мұнаймен ластануды жылдам жою үшін мұнай төгілгенді уақтылы анықтау
қажет. Осыған байланысты көптеген мұнай шығарушы елдерде судың мұнаймен
ластануын анықтау құралдары мен әдістерін ойлап шығару, сонымен қатар ла-
стау көзінің идентификациялау техникасы саласында жұмыстар атқарылуда.

     Осыған әуеден тәуліктің кез келген уақытында суретке түсіру аппаратурасы,
төгілген мұнайдың үлгілерін алуға арналған қондырғылар, порттың акваторий
жағдайын үздіксіз бақылап отыруға арналған қондырғылар, платформалар мен
қондырғылардағы мұнай мен газды талдауыштар, төгілген мұнайдың үлгісін,
күдік туғызатын судалардан алынған жанармай үлгісімен зертханалық зерттеу-
ге арналған аппаратура, сонымен қатар мұнай дағының қозғалысын автоматты
бақылау жүйесі мен қондырғылары жатады. Жоғарыда аталған әлем мұхиты
суларын ластанумен күрес әдістерінің кешенді қолдануы теңіз кен орындарын
барлау барысында осы мәселені сәтті шешуге мүмкіндік береді, жаңа әдістер
мен жүйелерді ойластыру болашақта теңіз ортасының мұнаймен ластану қаупін
төмендетеді.

         492

МАЗМ¦НЫ
   487   488   489   490   491   492   493   494   495   496   497