Page 497 - indexf
P. 497

шы заттар болып табылады. Су қоймаларына оларды тазартпай жіберуге тыйым
салынады.

     Фауна мен флораға улы бұрғылау шламы үлкен қауіп туғызады. Зерттеу-
лер бойынша бұрғылау кезінде көмірсутектер, ауырлатқыштар, химиялық
реагенттер (БӘЗ, Ca(OH)2, Na2CO3 және т.б) бұрғыланған тау жыныстарын
әртүрлі тереңдікте тарайды. Бұрғылау шламы 0,8-7,5% мұнайдан, 15%-ға дейін
органикалық заттардан, 37%-ға дейін ауырлатқыштардан тұрады. Оларды за-
лалсыздандыру шараларын қолданбай қоршаған ортаға лақтыруға тыйым салы-
нады.

     Табиғи ластану қаупі де мұнай газ өндіру үдерісінде болады. Негізгі ластау-
шылар бұл жағдайда ағынды сулардан басқа мұнай, конденсат, метил, этил, мер-
каптан, қышқылдар, сілтілер және т.б. болып табылады.

     Суға, өндіріс объектілері нысандарына түсетін ластаушы заттар негізінен
кәсіпшілік жабдықтардың келесідей негізгі тораптарынан келеді:

     •	 Сағалық арматураның саңылаусыздығы бұзылуы салдарынан, немесе
          жөндеу жұмыстары жүргізген кездегі мұнай төгілуі мүмкін ұңғы саласы
          мен ұңғы айналасы аймағы.

     •	 Ластанған және парафин тұрып қалған жағдайдағы тазалау кезінде то-
          лып кету салдарынан төгілу мүмкіндігі бар топтық және жеке жинау
          қондырғыларындағы сұйық өлшегіш ыдыстар мен троптар;

     •	 Жинау учаскелік және кәсіпшілік резервуар парктері. Мұнда мұнайдың
          төгілу резервуардан ағынды суларды ағызу кезінде, резервуардың
          жоғары бөлігінен мұнайды құю кезінде болады.

     Ағынды сулары пайда болатын мұнай кәсіпшілігі мен мұнай өңдеудің негізгі
объектісі – бұл кешендік мұнайды дайындау қондырғысы және әртүрлі мұнайды
алғашқы және тереңірек өңдеу қондырғылары, сонымен қатар мұнай резервуар-
лар паркі. Мұнда тұзсыздандыру, деэмульсациялау, тұрақтандыру, сусызданды-
ру, ректификация, кокстеу және т.б. үдерістер жүреді.

     Мұнай және газ кәсіпшілігіндегі табиғи суларды негізгі ластаушыларға
өндірістік және тұрмыстық ағынды сулар жатады. Каспий қайраңындағы
және оның жағалауындағы барлық экономикалық маңызды табиғи қорғалатын
аймақтар үшін құрамында салыстырмалы жоғарғы концентрацияда аминдер,
көмірсутек және басқа да улы заттары бар қатты ластанған газ ағындары көбірек
қауіп төндіреді. Мұндай қауіпті ластаушылардан арнайы әдістер қолдану арқылы
ағынды тазарту қажет. Ондағы ластаушы заттар мен өнімдер қышқылдану
кезінде тірі организмдерге улы әсер етеді.

     Құбырлар тізбегін тарту, әсіресе солтүстік Каспий жағалауы сияқты әлсіз
аудандарда, микроклиматқа зиянды әсерін тигізеді. Траншеялардың өтуі сол
жердегі өсімдік жабынының сумен қоректену тәртібін, теплофизикалық тепе-
теңдікті бұзады.

     Құбыр тізбегімен магистралды құбыр арқылы мұнай-газды тасымал-
дау кезіндегі артықшылықтарына қарамастан (басқа тасымал түрімен

         497

МАЗМ¦НЫ
   492   493   494   495   496   497   498   499   500   501   502