Page 500 - indexf
P. 500

Осылайша көмірсутекті шикізатты жинау, тасымалдау, өңдеу кезінде
ластанған теңіз, негізінен теңіздік мұнай және газ кен орындарын орналастыру,
технологиялық құрал-жабдықтардың жұмыс істеуі қоршаған ортаға лас сулар
мен өдірістік қалдықтарды тастау нәтижесінде болады.

     Одан басқа, біз жүргізген зерттеулер нәтижесінде мынаны айтуға болады:
     •	 Солтүстік Каспийдің жағалаулық аймағында гидрометеорологиялық

          үдерістер нәтижесінде түптік күкіртті сутек жиналуда;
     •	 Солтүстік Каспий түбі теңіз суының көмірсутекті ластанудың екінші

          көзі болып табылады.

     18.12.2 Солтүстік Каспий қайраңы мен оның жағалауындағы мұнай-
           газды аймақтардың экологиялық және тазалық мониторингі

     Каспий теңізі қайраңының теңіздік мұнай және газ кен орындарын игер-
генде, қажетті экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз етілген тиімді тех-
нологияны таңдау мен оны әрі қарай өндіру – ҚР-ның мұнай-газ саласының
қазіргі таңдағы көкейтесті міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мәселенің
көкейтесті болуына мынадай жағдай әсер етеді: Каспий теңізінің солтүстік
бөлігі (Қазақстандық) мен жағалауы экологиялық тұрғыдан өте сезімтал, әрі
табиғаты қорғауға алынған аймақ деп есептеледі. Қоршаған қорғау жөніндегі
осы және басқа мәселелерін шешу үшін мұнай-газ кен орындарын игергенде,
экологиялық мониторинг жүргізу міндетті болып табылады.

     Мониторингтің мақсаты – бұл атмосфера, топырақ, судағы ластаушы зат-
тар концентрациясының жергілікті және ірі масштабты өзгерісін үздіксіз
бақылау мен қадағалау. Осының бәрі технологиялық тасталымдардың тұрақты
экожүйелерге әсерін болжамдау үшін және табиғатты қорғау іс-шараларын
ұйымдастыру үшін жүргізіледі. Мониторингтің мазмұны, бақылау, болжам,
қадағалау сияқты міндеттермен сипатталады. Олар кеңістік пен уақыт ішінде
бірмерзімді деп алынады. Соның салдарынан мониторинг мақсаты орындалады,
яғни қоршаған ортаның өткендегі, қазіргі және болашақтағы жағдайы туралы
шынайы ақпарат алынады. Объект пен бақылау мақсатына қарай мониторингтің
бірнеше түрі анықталады (гидробиологиялық; биосфералық, тазалық және
т.б.). Каспий теңізі жағалауымен оның су ортасы жағдайының мониторинг
ерекшелігін алып қарастырайық.

     Биосфераның құрылымы мен қасиеті туралы түсініктер негізінде
тұрғызылған, қоршаған ортаны қорғаудың қазіргі заманғы концепциясының
маңызды рөлін микроағзалар атқарады. Дәл осы биогидрохимиялық орта-
да барлық белгілі ластаушы заттар бұзылады, өздігінен тазару үдерісі үшін
жағымды жағдайлар туады, микроағзалар қауымдастығы немесе ассоциацияла-
ры түріндегі белсенді деструктарлар анықталады. Сондықтан микроағзалардың
физиологиялық топтарының жалпы саны, биомассасы туралы деректер мен
деструктарлардың түрлілік құрамы туралы деректер, су немесе топырақ
экожүйесі жағдайының жинақты ерекшелігін білу үшін қажет.

         500

МАЗМ¦НЫ
   495   496   497   498   499   500   501   502   503   504   505