Page 503 - indexf
P. 503

Зерттелген территориясының атмосфералық ауасы, суы, жері мен топырақ
өсімдікті жамылғысы әртүрлі деңгейде ластанған, ал оның әсері флора мен
фаунаның, адамдарының денсаулық жағдайында көрініс тапқан. Мұнай газ-
бен ластанудың қоршаған орта мен адамдар денсаулығына әсерін бағалауға
мүмкіндік беретін экономиялық және тазалық мониторингтердің нәтижелері
көрсетеді.

     18.12.3 Бассейннің атмосфералық жағдайы

     Мұнай өндіру аудандарының атмосферасы тұрақты қондырғыларда отын-
ды жағу нәтижесінде бөлінген күкіртті қосылыстардан ластанады. Каспий
қайраңының қазақстандық секторының теңіздік кен орындары және Тенгиз
кен орнының қосылысы түріндегі күкірт кездеседі. Газды жалында жаққанда,
күкіртті қосылыстар атмосфераға ұшып кетеді. Мұнай өнімдерін жаққанда
атмосфера шаңмен, күлмен, көміртегі тотығымен, күкірт тотықтарымен,
қосылыстармен, басқа зиянды заттармен ластанады.

     Атмосфераны ластаушы заттарға – күкіртті заттар жатады (қатты
бөлшектері). Себебі олардың құрамдарындағы зиянды заттар (бензотерия)
адам үшін консерогенді қауіпті арттырады. Мұнай газды кен орындарды игеру
кезінде ауа келесі жағдайлардан ластанады: өлшеу қондырғылары мен өнімді
жинау жүйесіндегі құрал-жабдық элементтерінің ақауынан оларды дайындау,
тасымалдау мен сақтау кезінде және сыйымдылықтардан, тұндырғыштардан,
резервуарлардан, ашық қамбалардан мұнай буланып кеткенде болады.

     Облыс бойынша атмосфералық ауаны ластаушы стационарлы көздерінің
248-і бар. Атмосфераға түсетін жалпы потенциалды тасымалдар, 365 980 мың т.
Зиянды заттарға тең келеді. Атмосфераны ластайтын едәуір ірі көздер 8-кестеде
келтірілген.

     Облыс территориясында, әсіресе қалада, елдімекендерде мұнай кен орында-
рын өндіру жерлерінде ауа бассейінінің ластану көздері жойылған. Стационарлы
көздердің жалпы тасталымдарының 80%-дан астамы ЖШ «Тенгизшевройл» АҚ
Казахойл-Эмба, АҚ Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Атырау ЖЭО-на тиесілі
болған. Тасталымдар ішінде зиянды қоспалардың 62 түрі болады, олардың
кейбіреуі 18.8-кестеде көрсетілген. ЖШС Тенгизшевройл мұнай химиялық
кешенінің тасталымдарында токсикалық заттар деп танылған 39 қоспа табылды.

     Атырау облысының территориясындағы атмосфералық ауаның жағдайы
жылдан жылға нашарлап барады. Мұнай өндіру мен көлік құралдары санының
көбеюіне байланысты, атмосфераға тасталатын зиянд заттардың көлемі ұлғаюда.
Соңғы 10 жыл ішінде зиянды заттарды тастау 2-ден көп есеге өсіп, 1997 жылы
олардың саны 204 мың тоннаны құрады. Қазіргі уақытта облыстың атмосфералық
бассейнінің ең басты ластаушысы ЖШС Тенгизшевройл деп саналады (Атырау
облысының стационарлы көздерінен ауа бассейініне жалпы тасталатын зиянды
заттардың 54,4%) және шығарылған өнім бірлігіне шаққанда,тасталған зиянды
заттардың көлемі жыл сайын артуда.

         503

МАЗМ¦НЫ
   498   499   500   501   502   503   504   505   506   507   508