Page 501 - indexf
P. 501

Каспий теңізінің солтүстік бөлігі, бірегей биологиялық ресурстарға бай
теңіздің таяз ауданы болып табылады. Каспий теңізі үлесіне, қызыл балықтың
әлемдік қорының 90% тиесілі деп есептелген. Одан басқа, теңізде жарты-
лай өтпелі байлықтық бағалы түрлері бар. Оларға: сазан, оның тұрақты
мекендеушілері: итбалық.

     Теңіздің солтүстік бөлігі өтпелі және жартылай өтпелі балықтардың көбею
жері болып табылады. Жағалаудағы қалаларда сирек құстар жұмыртқалайды.
Осы және басқа факторлар, акваторияны өнеркәсіптік өндіру кезінде экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бағалау мәселесінің көкейтестілігін көрсетіп
отыр. Гидрохимиялық зерттеулер нәтижесінде қарағанда, Каспий теңізінің
солтүстік бөлігінде фенолдар аса қауіпті деп анықталды. Теңіз суындағы құрамы
едәуір жоғарғы деңгейлерге жетіп, 18 ПДК дейінгі көрсеткішті құрайды. Ал
Маңғыстау облысына іргелес жатқан аудандардағы теңіз суының мұнаймен
ластану деңгейі 10 ПДК-ға жеткен. Сонымен қатар Касспий теңізінің солтүстік
бөлігі сынаппен қатты ластанған. Бұл жайт, Касспий теңізі акваториясының
сынаппен, т.б. токсикалық металдармен ластану деңгейі үнемі бақылау, яғни
экологиялық мониторинг жүргізу қажеттігін дәлелдеп тұр. Теңіздің солтүстік
бөлігінің әр жерінде металдар мен хлорланған көмірсутектердің таралғанын
ескерсек, егер олар басқа да ластаушылармен қосылса, онда балықтар мен басқа
ағзаларды үлкен қауіп күтіп тұр. Мұнаймен ластануға келетін болсақ, әзірше ол
жергілікті аймақта таралып, акваторияның жекелеген аудандарында ғана ПДК-
дан асып тұрады.

     Теңіз деңгейі көтерілгеннен бері, Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінің
мұнаймен ластану мәселесі жиі айтылып жүр. Кейбір мұнай құбырлары
шайылып та кеткен. Ашық теңізде қалдырылған консервацияланған ұңғымалар
да қауіпті болады. Себебі, мұнда кең өсуінің әсерінен пайдалану және техникалық
бағаналары істен шығып, мұнай мен газдың ағып кетуі мүмкін. Атырау облысы,
оның ішінде Каспий теңізі жағалауындағы экологиялық сезімтал аудандарында
өмір сүретін халықтың денсаулығы мен қоршаған орта жағдайы туралы деректер
талдауының нәтижелерін ұсынайық.

     Атырау облысы, әсіресе Каспий теңізі қайраңы мен оның жағалауының
табиғаты антропогенді әсерге өте сезімтал болып келеді. Бұл территорияның
табиғатына салыстырмалы әлсіз әсердің өзі оның дегродациясына әкелуі
мүмкін. Табиғи орта компоненттері белгілі бір шектен ластанып, флора мен
фаунаның био әртүрлілігі төмендеп, өсімдіктер, жануарлар, балықтардың же-
келеген түрлері жойылып, ең бастысы – адамдар денсаулығына қауіп төнуі
ықтимал. Үлкен техногенді салмақ экологиялық және технологиялық талап-
тарды жеткілікті түрде сақтамағандықтан, Атырау облысына едәуір шығын
келтірген.

     Өндіріс кәсіпорындары мен объектілердің облыстағы табиғаты қорғалатын
аймақтардың қоршаған ортасының сапасына тигізетін теріс әсері, мына
жағдайлармен қиындатылады:

         501

МАЗМ¦НЫ
   496   497   498   499   500   501   502   503   504   505   506