Page 505 - indexf
P. 505

кен Пешный қалашығындағы бірінші теңіз платформасы (460251с.е., 520151 т.б.)
орналасқан ауданында атмосфералық ауа мен судың жағдайы зерттелді.

     Күкіртті сутектің ауадағы құрамы бақыланады. Өйткені, Каспий қайраңының
көмірсутекті шикізаты өзінің құрамы бойынша Тенгиздікіне ұқсас және оның
ілеспе газындағы күкіртті сутек құрамы көлемі бойынша 30%-ды құрайды.

     Мұндай зерттеулердің нәтижесі қоршаған орта жағдайын бағалаумен
аяқталатындықтан, МЕСТ-телген әдістер мен құралдар ғана пайдаланған.
Ауаны зерттеу МЕСТ 17.3.01- 86-ға сәйкес, толық емес бағдарлама бойынша
жүргізіледі. Пешный қаласының ауасын зерттеу нәтижесі 9-кестеде келтірілген.

                                                   18.9-кесте

Пешный қалашығының ауасы құрамындағы күкіртті
 сутектің орташа жылдық концентрациясы, (мг/м3)

Ластаушы           1990    1991    1992    1993    ПДК
заттардың аттары  0,0023  0,0017  0,0009  0,0008   0,008
Күкіртті
сутек

     Пешный қалашығы орналасқан ауданда атмосфераны антропогенді ластану
көздері жоқ деуге болады, өйткені ол қорық аймағы деп саналады. Сондықтан
бұл жердің атмосферасында күкіртті сутектің тұрақты құрамы сақталады, кей-
де таң қалдыруы мүмкін. Табиғаттың осынау жұмбағын шешу үшін, қалашық
атмосферасындағы күкіртті сутек концентрациясының орташа айлық өзгеріс
динамикасын талдау қажет (18.5-сурет).

18.5-сурет. Пешный қалашығы атмосферасындағы H2S
концентрациясының айлар бойынша өзгеру динамикасы

                          505

МАЗМ¦НЫ
   500   501   502   503   504   505   506   507   508   509   510