Page 502 - indexf
P. 502

•	 Климаттың қатал жағдайларымен;
     •	 Тұз асты шөгінділерден өндірілетіндерден және көмірсутекті

          шикізаттан өңделетіндердің ішінде күкіртті қосылыстардың жоғары
          концентрациясының болуы;
     •	 Экологиялық шығын көлемі мен тереңдігі туралы шынайы әрі толық
          мәліметтің жоқтығы;
     •	 Каспий теңізі деңгейінің жоғарылауы, жағалық сызықтың жағалық кен
          орындардың су алуы немесе су астында қалуы;
     •	 Каспий қайраңында теңіздік мұнай газ кен орындарын өнеркәсіптік
          игеруінің басталуы, континентаралық магистральді құбыр салу, т.б.
     Бұдан басқа, Атырау облысының қоршаған орта сапасына мыналар теріс
әсер етеді: мұнай және газды өндіру, тасымалдау, өңдеу технологиясының ескі,
әрі жақсы ойластырылмағандығы;
     Энергияны тасымалдаушылар мен шикізатты ысырап қорлықпен пайдала-
ну;
     Мұнай газ кәсіпшіліктері мұнай өңдеуші мен мұнай химиялық кәсіп
орындардағы жалынды ілеспе газдар мен технологиялық жанар газдарды
экономиялық жағынан тиімсіз және экологиялық жағынан зиянды көп жылдық
жағу;
     Өндіріс қалдықтарын жою, залалсыздандыру, көшу, жинау жұмыстарының
дұрыс жолға қойылмауы.
     Каспий маңы территориясына, әртүрлі іргелес территориялардың фаунала-
ры кеп қиылысады. Сондықтан оның өкілдері, Каспийдің жануарлар әлеміне
аралас сипат береді. Аймақ территориясы мекендейтін едәуір көп жануарлар
түрлеріне сүтқоректілер мен құстар жатады. Сүтқоректілердің ішінде 14 түрі
адам тіршілігі мен шаруашылық үшін маңызды: қоян, түлкі, борсық, қабан,
киік, каспий итбалығы және т.б.
     Соңғы уақытта жағалаудың таяз сулы акваториясы мен онда шоғырланған
мұнай газ өндіруші және өңдеуші өнеркәсіптерінің антропогенді араласуынан
едәуір зардап шегіп отыр. Каспий маңы аймағында құстардың жаппай қырылуы,
сулы балшықты кешенді мекендеген құстардың санын апатты түрде кемітіп
отыр және өзінің масштабы бойынша аймақтық мәселе шегінен шығып кеткен.
     Барлық ластаушы көздердің көптен бергі әсері, Атырау облысындағы
қоршаған ортаның дағдарысқа жақын экологиялық жағдайы ушықтырды. Аты-
рау облысының табиғи ортасының негізі ластаушы көзі мыналар болады:
     Отын энергиялық кешен (мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпорындары мен
объектілері);
     Тау-химиялық шикізаты, құрылыс материалдары, өндіру мен тасымалдауға
мамандалған кәсіпорындар;
     Өзен-Атырау-Самара мұнай құбыры мен Орта Азия-Орталық газ құбырының
болуы, т.б.

         502

МАЗМ¦НЫ
   497   498   499   500   501   502   503   504   505   506   507