Page 520 - indexf
P. 520

3.	 Теңіз суларындағы тұздардың да тигізетін әсері бар. Кремний
          қышқылдық қосылыстар және көмірқышқылды кальций металл бетінде
          тұнып шөгіп қалады да, қорғаныстық әсерді қамтамасыз етеді. Иод
          және бром қосымша катодтық деполяризаторлар қызметін атқарады
          және металл коррозиясын үдете түседі. Күкіртті сутек металдардың
          иондарын қиын еритін сульфидтерге байланыстырады және коррозия
          үдерісін үдетеді, электрохимиялық коррозияның катодтық және анодтық
          үдерістерінің жүруін жеңілдетеді.

     4.	 Металл бетін кезеңдікті сулау коррозиялық үдерісті одан әрі күшейтеді.
     5.	 Металдың біртекті болмауы себебінен тотқақ (окалина) катод рөлін

          атқарса, негізгі металл – анод рөлін атқарады.
     6.	 Жіктердің, саңылаулар, ойықтардың болуы коррозиялық үдерісті

          қарқындатады, себебі нашар аэрация металдық еруіндегі анодтық
          үдерістің жүруін жылдамдатады.
     7.	 Кезбе тоқтар.
     8.	 Биокоррозия (жерасты құрылымдарын тірі ағзалардың және теңіз
          өсімдіктерінің өсіп кетуі) сыртқы қорғаныстық жабындарды
          зақымдайды және металдардың бұзылуын үдетеді. Кейбір тірі ағзалар
          (мысалы, мидиялар) коррозиялық үдерісті біршама баяулатады, себебі
          олар көп оттегіні тұтынады.
     9.	 Теңіз суларында түрлі металдардың түйісулері анодтық металдың тез
          зақымдалуына алып келеді (көбінесе болат).
     Металдарды теңіз суларында коррозиядан қорғаудың тәсілдері келесілерге
негізделеді: металл беттерін тотқақтардан, тоттан тазарту және оны лактар-
мен, этиленді сырлармен, фенолформальдегидті мастикамен, таскөмірлі немесе
битумдық негіздермен жабындау.

               19.3 Теңіз құбыржелілерін коррозияға қарсы қорғау

     Теңіз асты құбыржелілері деп су беті деңгейінен төмен орналасқан және
мұнай, конденсат немесе газды теңіз кен орындарынан жаға базаларына
тасымалдауға арналған құбырларды айтамыз.

     Теңіз құбырларын жобалағанда немесе пайдаланғанда олардың ерекше
сенімді болуын ескеру қажет, себебі сулы ортада болатын апаттар қоршаған ортаға
өте зиянды әсерін тигізеді және оның салдарын жою қымбатқа, қиынға түседі.
Теңіз құбырларының сенімділігі желге, теңіз толқуына, ағысқа, геологиялық
және геотехникалық жағдайларға, су температурасына, су құрамына, ортаның
коррозиялығына тәуелді болады. Тербеліс туғызатын жел әсерін ескере отырып
тірек есебін есептеу қажет.

     Құбырларды өте берік және серпімді болаттардан дайындау себебі,
құрылысында және пайдалану кезінде олардан талап етілетін жоғары
сенімділікке байланысты.

         520

МАЗМ¦НЫ
   515   516   517   518   519   520   521   522   523   524   525