Page 523 - indexf
P. 523

Қазақстан секторында Каспий теңізі қайраңында орналасқан теңіз кен
орындарының көмірсутектеріне жүргізілген зерттеулер нәтижесі көрсеткендігі
олардың құрамы теңіз кен орындағы көмірсутектерге ұқсас. Осыған байла-
нысты бұл теңіз кен орындарында теңіз кен орнындағы мұнай және газ өңдеу
заводының технологиясының сұлбасына ұқсас сұлбалар қолданылуы мүмкін.
Бұл теңіз кен орындарындағы мұнай құрамы бойынша күкіртті мұнайларға жата-
ды (салмағы бойынша 13 пайыз шамалас – күкірт сутегі H2 S). Күкірт сутегі улы
болғандықтан, теңіз кен орындарының мұнайы мен газын өңдеу зауытқа ерек-
ше мәселелер туғызады. Теңіздегі мұнай және газ өндеу зауытында қолданатын
технологиялық сұлбасына қысқаша түрде талдау жүргізейік, бұл сұлба Кас-
пий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі теңіз кен орындарының мұнай және газын
бірінші ретті тазалауда қолданылуы мүмкін.

     Технологиялық сұлба тұрақталған және сусыздандырылған мұнай өндіруге
арналған. Ілеспе газдан суытылған мұнай газының фракциясын бөліп алу қажет,
ал қалған метанға бай газ жоғары қысымды құрғатылған тауарлы газ түрінде
шығарылады. Өнімдер көмірсутектен тазартылуы керек, ал H2 S қарапайым
күкіртке өндіріледі.

     Шикі мұнай тұрақтандырылады, ал пайда болатын газдар екінші ретте 200
қондырғысында сығылады. Осы қондырғыға келетін өнім F-201 сеператорында
65 бар қысылысымен сұйық фазаға бөлінеді. F-202 сеператорына бағытталады,
осы аппаратқа крер клапанында 25 бар дейін декомпозиция жолымен ағындағы
сұйық көмірсутектердің үлесінің қосымша азаюы жүреді. Қысымды түсіру
нәтижесінде пайда болатын бу F-202 сеперацияға ұшырайды.

     Қалған сұйық мұнайға тағы бір рет осыған ұқсас жолмен дигазация
жүргізіледі, сұйықтың сұйық қысымды F-203 сеператорына жіберіледі. Түзілген
газдар екінші ретті компрессияға жіберіледі, осы уақытта сұйықтық (мұнай және
қабат суы) тұрақтандыру колоннасы D-202 жібере деп бұрын электростатикалық
тұзсыздандыру аппаратынан тұз бен ылғалды айыру үшін өтеді. Бұл коллоннада
қажетсіз төмен қайнайтын компонент қалдықтары H2S қосып, сұйықтан кубты
өнімді қайнату арқылы бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

1.	 Континенталды қайраңда гидротехникалық қондырғыларын коррозиядан
     қорғау.

2.	 Гидротехникалық құрылғыны қорғау әдістері.
3.	 Теңіз құбырларын дайындайтын болаттарға қойылатын талаптар.
4.	 Теңіз құбыржелілерін коррозияға қарсы қорғау әдістері.
5.	 Теңіз суларында металдарды коррозияға қарсы қорғау.

         523

МАЗМ¦НЫ
   518   519   520   521   522   523   524   525   526   527   528