Page 522 - indexf
P. 522

Сондықтан құбыр конструкциясы мен оның төсеу әдістерін таңдаудан
бұрын трасса бойындағы теңіз түбін жан-жақты қарастырып және тасымалдау
мен рефракция кезіндегі толқын параметрлерін анықтаған жөн.

     Технология және мұнай мен газды магистральді құбырлар арқылы тасымал-
дау үдерістерін үдету әдістерінің негізгілері мыналар:

     •	 Осы заманғы жаңа технологияларды, автоматизация әдістері мен теле-
          механизация енгізу және дамыту;

     •	 Үдерістер мен объектілерді басқарудың тиімділігін ғылыми негізіндегі
          әдістері (экономикалық-математикалық әдістер, шешім қабылдау тео-
          риясы және т.б.) мен осы заманғы есептеу техникасы көмегімен арттыру
          (компьютер технологиясы).

     Бірінші бағыты – мұнай мен газды тасымалдау және өңдеудің тиімді жаңа
технологиясын игеру және енгізу, экономикалық-экологиялық критерийлерге
жауап беретін схемаларды қарастыру.

     Магистральді құбырлар арқылы көмірсутек шикізаттарын тасымалдаудың
технологиялық үдерістерін үдетудің басқару тиімділігін ғылыми әдістер
негізінде артыруды қарастыру (екінші бағыт)

     Магистральді құбырларды басқару үдерісі, басқа да өндіріс объектілері
мен кәсіпорнындағы кешенге кіретін мұнай мен газға байланысты көптеген
өндірістік операциялар, құбырлар, резервуар, энергетикалық және басқа
кәсіпшіліктерді пайдаланудағыдай шешім қабылдаумен байланысты.

     Бұл тапсырманы тиімді шешу үшін тауар тасымалдау операцияларына жа-
татын, кен орындарынан мұнайды қабылдау, оны түпкі пунктке жеткізумен
қатар қосылған мұнай өңдеу зауыттарына айдау, мұнай құю пункттері мен
мұнай базаларына және мұнайды түпкі тұтынушыға жеткізу жұмыстарына
қатысы бар жұмысшылар коллективтері арасындағы қарым-қатынас пен өзара
іс-әрекеттерінің үйлестігін қамтамасыз ету қажет.

     ЛПР-дің дұрыс шешім қабылдауы, басқарылып отырылған магистральді
құбырлар жөніндегі ақпараттың ЛПР-ге қажетті мөлшерде толық, уақытында
және шындыққа сай болуына байланысты.

     Толық, уақытында берілген ақпарат қабылданатын шешімнің тиімділігін
қамтамасыз етеді, өйткені ол шешімнің ең қолайлы вариантын өндірістік
жағдайдың анализіне және жиналған тәжірибеге сүйене отырып таңдалады.
Осындай магистральді құбырларды басқару тапсырмалары шешімі мен форма-
лизациясы практикада жоғарыда айтылып кеткен ақпараттың жетіспеушілігіне
байланысты қиындайды, осының себебінен тапсырма көп критерийлі болады.

     Осындай тапсырмаларды шешу үшін анықталмағандық шарттарында жұмыс
істейтін математикалық жаңа әдістерді қолдану керек. Тәжірбиеде жиналған
ақпарат әдетте анық емес: келең түрдегі талқылау, сол облыстағы мамандардың
білімі болып келеді. Осындай шала ақпаратты магистральді басқару жөніндегі
шешім қабылдауда тиімді пайдалану және формализация әдістерін экспертті
бағалау және тура емес көптік теориясына жатқызуға болады.

         522

МАЗМ¦НЫ
   517   518   519   520   521   522   523   524   525   526   527