Page 521 - indexf
P. 521

Теңіз құбырлары дайындалатын болаттарға қойылатын негізгі талаптарға
мыналарды жатқызуға болады:

     •	 Қөміртекті болаттан дайындалған құбырлар үшін ағу шегінің уақыттық
          кедергіге қатынасы 0,75 аспау керек және аз лигерленген болат үшін
          0,80;

     •	 Бес құбырдың қосындысынан тұратын үлгінің салыстырмалы ұзаруы
          20 пайыздан аспауы керек;

     •	 Соққы тұтқырлық 0 оС-та 40 Дж/см2 төмен болмауы керек.
     Осы және басқа да талаптар құбырдағы жұмыс қысымы мен гидростатикалық
қысымның жоғары болуына, теңіз түбіне құбырларды төсеуінің ерекшеліктеріне
және теңіз құрлымдарының құрлықтағыға қарағанда сенімділігін арттыру
қажеттіліктеріне негізделген.
     Болаттардың пісірілгіштік қабілетін көміртегі эквиваленті арқылы бағалауға
болады, ол халықаралық пісіру институтының формуласы бойынша есептеледі.

Сэ = С + Мn/6 + (V + Mo + Cr)/5 + (Cu + Ni)/15

     Бұл жердегі С, Мn, V, Mo, Cr, Cu, Ni – сәйкесінше құбыр металындағы
көміртегі, марганец, ванадий, молибден, хлор, мыс және никельдің үлесі.

      Теңіз жағдайындағы пісіру жігінің коррозиясының зерттеуінің нәтижесі
көрсеткендей коррозияның орташа жылдамдығы 0,06-0,18 мм/жыл құрайды,
жіктердегі коррозияның максимал тереңдігі 0,13-1,6 мм/жыл тең. Құбырдың
басқа бөліктерімен салыстырғанда пісіру жігіндегі коррозияның қарқындылығы
жіктегі екі балқыманың байланысымен түсіндіріледі.

     Пісіру жігінің коррозияға шыдамдығын ондағы электродты потенциалды
арттыру арқылы қол жеткізуге болады, ол үшін мына әрекеттерді орындаған
жөн;

     •	 Пісіру жігін таза, тегіс, минималды тотығумен, кеуексіз және қосылыссыз
          жасау;

     •	 Пісіру кезіндегі қоспаның құрылымының өзгерісі минималды болу
          үшін пісіру материалдарын дұрыс таңдау;

     •	 Жіктегі балқыған металдың электродты потенциалын арттыру үшін
          оны жасанды түрде элементтермен қаптау;

     •	 Жіктегі электродты потенциалды арттыратын былқыма компоненттері
          өртеніп кетпейтіндей етіп пісіру үдерісін жүргізу.

     Барлық теңіз құбырларында толық қызмет мерзіміне есептелген (20-30 жыл
немесе одан да көп) коррозияға қарсы қорғанысы болуы қажет. Одан басқа теңіз
құбырлары теңіз түбіне орнықты етіліп төселуі керек. Жағалау бойындағы құбыр
орнықтылығы төсеу тереңдігіне, теңіз түбі рельефіне, әсер ету параметрлеріне
және теңіз түбі ағыстарына, құбырдың теңіз түбіне орналасуына (топырақта не-
месе оның үстінде) байланысты.

         521

МАЗМ¦НЫ
   516   517   518   519   520   521   522   523   524   525   526