Page 524 - indexf
P. 524

20-тарау

Бүкіләлемдік континенталды қайраңдарында
          мұнай-газ кен орындарын меңгеру

                           21.1 Қазақстанның теңіз жобалары

     Қазақстанның мұнай саласы ғасырлық тарихқа ие. Өткен жүз жылдық
ішінде мұнайды игеру тек құрлықта ғана жүргізілген болса, XXI ғасырдан бас-
тап Қазақстанның отын-энергетикалық тарихында теңіз кен орындарын өте
жылдам қарқынмен меңгеру уақыты басталды. Теңізде кен орындарын меңгеру
мамандардың бағалауы бойынша, көмірсутекті шикізаттың өсуін қамтамасыз
етеді. Қазақстан секторының Каспий теңізінің көмірсутектерінің мүмкін бола-
тын қорлары шартты отынның 13 млрд. тоннасына бағаланады. Жалпы әлемдік
мәнге ие жағдайлардың бірі ретінде мұнда Қашаған кен орнының ашылуы бол-
ды. Қорлардың айтарлықтай өсуін Қазақстанға тиесілі Құрманғазы құрылымы
қамтамасыз етуі мүмкін, ол Каспийдің Ресеймен шекаралас ауданында
орналасқан. «Құрманғазы» жобасын жүзеге асыру үшін «ҚазМұнайГаз» және
«Ростнефть» компаниялары негізінде жуық арада консорциумы жұмыс жасай-
ды. Каспий және Арал теңіздерінің қайраңдарында көптеген перспективалы кен
орындарының ашылуы және жалғасып жатқан геологиялық зерттеулер жаңа
кен орындарының ашылуына себепкер болуда, олар Қазақстанның қуаты мен
деңгейін әлемнің мұнай державаларының бірі ретінде күшейтеді.

     Қазақстанның ішкі теңіздерінің қайраңдарында масштабты геологиялық
зерттеулер 1993 жылы Солтүстік Каспийде геологиялық қадағалау жұмыстарын
жүргізу үшін Консорциум туралы Келісімге қол қоюдан басталған. Халықаралық
консорциум құрамына Agip, BritishGas, British Petroleum, Statoil, Mobil, Shell
және Total компаниялары енді. Консорциумның операторы ретінде арнайы
жасалған «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясы болды. 1994-
1997 жылдары аралығында көлемі шамамен, 26,18 мың км2 болатын теңіз
сейсмикалық қадағалау жұмыстары жүргізілген. Шамамен, 100 мың км2 ауданда
96 құрылым локализацияланған, ірі құрылымдардан Солтүстік Каспий туралы
жаңа деректер алынған.

     Жаңа геологиялық қадағалау деректері негізінде көмірсутектерді игеруді
геологиялық оқудың блоктарының картасы жасалған және бекітілген, сонымен
қатар бірінші кезекте қадағалау үшін он төрт блоктар ерекшеленген.

     Консорциумның шетелдік қатысушылары бұрғылау үшін екі ауданды
таңдады. Олардың біріншісіне: Қашаған, Қайраң және Ақтоты құрылымдары
жатады. Екіншісі, Қалқамас теңіз түсінігін толығымен қамтиды. Осы екі

         524

МАЗМ¦НЫ
   519   520   521   522   523   524   525   526   527   528   529