Page 525 - indexf
P. 525

аудандардағы жұмыс қазіргі кезде AgipKCO халықаралық консорциумы жүзеге
асырып жатқан Солтүстік Каспий жобасына біріктірілген.

     Құрманғазы құрылымының ірі бөлігін жабатын үшінші блоктар тобында
акваторияда қадағалауды жалғастыру құқығына ие «Қазақстанкаспийшельф»
ААҚ Ұлттық компаниясы ие. Қазіргі уақытта Құрманғазы құрылымында
жұмыс істеуге паритет негізінде қазақстандық-ресейлік консорциумін құруға
келісімшарты жасалды.

Ақтоты кенорнындағы жұмыстар

     21.1.1 Солтүстік Каспий жобасы (Қашаған)

     2002 жылдың шілде айында «Қазмұнайгаз» ҰК және Agip KCO халықаралық
консорциумы Каспий теңізінде Қашаған кен орнында мұнайды коммерциялық
игеру туралы келісімге қол қойылды. Қашағанда алынатын мұнай қорлары 7-9
млрд баррельге бағаланады. Зерттеулерге сәйкес мұнайдың жалпы геологиялық
қорлары 38 млрд баррельді құрайды.

     Қазақстандағы ең ірі Қашаған кен орнын ашу әлемдік маңызы бар оқиғаға
айналды. Батыс мамандарының пікірлері бойынша, бұл жаңалық соңғы он
жыл ішінде әлемдегі ең маңызды ашылу деп есептелінді. Өлшемдері бойынша,
Қашаған АҚШ-тағы Прудо Бэй кен орнымен тең келеді, ол 1969 жылы Аляскада
ашылған.

     1997 жылдың 18 қарашасында Солтүстік Каспийде мұнайды барлау және
өндіру үшін Қазақстан және Agip Caspean Sea B.V., BG Exploration & Production
ltd, Den Norske Stats Oljeselkap a.s. (Statoil), Mobil Oil Kazakhstan ink., Shell

         525

МАЗМ¦НЫ
   520   521   522   523   524   525   526   527   528   529   530