Page 526 - indexf
P. 526

Kazakhstan Developmebt B.V., Total Exploration Production Kazakhstan, «Казах-
станкаспийшельф» «КазахОйл» компаниялары арасында өнімді бөлу келісімі
1998 жылдың 27 сәуірінде күшіне енді.

Қашаған, Тәжіриебелі-өндірістік игеру (ТӨИ) схемасы

     Келісімді жүзеге асыру шегінде Қазақстан инвесторлар алдына бес негізгі
талаптар қояды. Біріншіден, Қашағанда бірінші мұнай 2015 жылы алынуы керек.
Екіншіден, оператор жолай газды утилизациялауды, оны тасымалдау мен сату-
ды қамтамасыз етуі керек. Үшіншіден, Қашағандағы жұмыстарға қазақстандық
кәсіпорындар, соның ішінде құрылыс және инженер мекемелері тартылуы керек.
Төртіншіден, Ұлттық мұнай газ компаниясы міндетті түрде жобаның операто-
ры болуы керек. Бесінші тапсырма Каспий аумағының экологиялық мәселелерін
шешуге негізделуі керек.

     Солтүстік Каспийде қадағалау жұмыстарын жүргізу үшін 1998 жылдың
қыркүйек айында Offshore Kazakhstan International operating Company компания-
сы – OKIOC компаниясы құрылған. OKIOC-тің негізін қалаушылары ретінде сегіз
компания болды, олардың екеуі альянста шыққан: «Қазақстанкаспийшельф»,
Agip, BritishGas, British Petroleum, Statoil, Mobil, Shell, Total және альянс.
Қатысушылардың әрқайсысы OKIOC-та 1/7 үлесін алды.

     1998 жылы «Қазақстанкаспийшельф» OKIOC тағы өз үлесін 500$ млн-
ға жапондық Indonesia Petroleum (Inpex) және американдық Philips petroleum
Co (әрқайсысы 7,14 пайыздан) компанияларына сатты. 2001 жылы OKIOC-
тан Statoil BP шықты. 2001 жылдың басында OKIOC консорциумы бұрғылау
жұмыстарының бірыңғай операторын анықтады. Ол италяндық Agip болды.
Осыған байланысты OKIOC Agip Kazakhstan North Caspian Operation Company-

         526

МАЗМ¦НЫ
   521   522   523   524   525   526   527   528   529   530   531