Page 16 - indexf
P. 16

Дене тәрбиесі және спорт физиологиясы ғылымының даму
                                   тарихы

    Дене тәрбиесі және спорт физиологиясы ғылымы – салыс-
тырмалы түрде алып қарағанда, жас ғылым. Дегенмен, ерікті
қозғалыстардың физиологиялық табиғатын зерттеу нәтижелері
көптеген жылдар бойы қалыптасқан. Өмірдің басқа да қажеттілігіне
қарай туындайтын барлық қозғалыстар тәрізді спорттық жаттығулар
үдерісінде немесе дене шынықтырумен шұғылдану кезінде орында-
латын қозғалыстар да физиологиялық заңдылықтар негізінде орын-
далады. Ол қазіргі уақытқа дейін ғылыми-зерттеу нәтижелерімен
толықтырылып даму үстінде.

    Дене жаттығулары физиологиясы ғылымының даму тарихы
АҚШ-та 1927 жылы шаршау құбылысын зерттеуге бағытталған Гар-
вард зертханасының тұңғыш директоры болған Дэвид Брюс Дилл
есімімен байланысты. Ол қоршаған ортаның төтенше жағдайларына,
дене жүктемелеріне бейімделу мәселелерімен шұғылданған.

    Ең алғашқы оқулық Ф. Ла Гранждың «Дене жүктемесі физиоло-
гиясы» (LaGrange F. Physiology of bodily exercise.London: Kegan Paul
International, 1889) атты еңбегі болып табылады. Уолтер Флетчер
мен Фредерик Гоуленд Хопкинс бұлшық еттің жиырылуы мен лактат
түзілуі арасындағы тығыз байланысты анықтады. Бұлшық еттің жиы-
рылуын қамтамасыз ететін энергия бұлшық еттік гликогеннің сүт
қышқылына дейін ыдырауынан түзілетіндігі белгілі болды. Бұлшық
еттің жиырылуына едәуір көп энергия жұмсалатын болғандықтан,
бұлшық ет ұлпасы жасушалық метаболизмнің құпиясын ашуға
себепші болды. 1921 жылы А. Хилл энергиялық метаболизмді зерт-
теуге бағытталған жұмыстары үшін Нобель сыйлығының иегері
атанды. Осы уақыттарда Альберт Сенф-Дьёрди, Отто Мейергоф,
Август Крог және Ханс Кребс сынды Нобель сыйлықтарының
лауреаттары тірі жасушалардың энергия өндіруі мәселелері бо-
йынша белсенді зерттеулер жүргізді. ХХ ғасырдың 60-жылдары
Дж. Бергстрем, Бенгт Солтен (Стокгольм) тамақтану рационының
бұлшық ет қоректенуі мен төзімділігіне ықпалын зерттеді. Реджи
Эджертон (Калифорния университеті, Лос-Анджелес) және Фил
Голлник (Вашингтон штаты университеті) бұлшық ет талшықтары
мен олардың дене жаттығуына реакциясын зерттеу тәжірибелеріне
егеуқұйрықтарды пайдалана бастады.

           16

⇐ МАЗМҰНЫ
   11   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21