Page 17 - indexf
P. 17

Ерікті қозғалыстардың физиологиялық негіздерін зерттеуде
орыс ғалымдары: И. М. Сеченов, И. П. Павлов, Н. Е. Введенский,
А. А. Ухтомский, Н. А. Бернштейн, П. К. Анохин, А. Н. Крестовни-
ков, Н. В. Зимкин және т.б.-дың еңбектерінің үлесі зор. Адамның
ерікті қозғалыстары туралы ілімнің рефлекстер жүйесі ретінде
негізін орыс ғалымы, физиолог И. М. Сеченов қалаған. Ол алғаш
рет «Ми рефлекстері» (1863) атты еңбегінде адамның психикалық
және ерікті қозғалыс әрекеттерінің рефлексті табиғатын дәлелдеген.
Ол барлық ерікті қозғалыстар, психикалық құбылыстар және ой-
лау рефлексті түрде іске асады деп түсіндірген. Оның бұл ілімін
И. П. Павлов шартты рефлекстер тұрғысынан эксперимент түрінде
дәлелдеген және дамытқан. Ол жоғары жүйке қызметін шартты
рефлекстерді тудыру арқылы зерттей отырып, ерікті қозғалыстардың
рефлексті табиғатын негіздеудің негізгі іргетасын қалаған.
И. П. Павлов сыртқы орта факторларының ықпал ету кезіндегі тұтас
организмдегі физиологиялық қызметтерді ұзақ жылдар барысында
зерттеген. Оның детерминизм, құрылымдық, анализ және синтез
сияқты рефлекстік теория принциптері уақытпен шыңдалып, осы
күнге дейін маңызын жоймаған.

    Адамның қозғалыс әрекетінің физиологиялық механизмдерін
зерттеуде Н. Е. Введенский, А. А. Ухтомский өз үлестерін қосқан.
Н. Е. Введенскийдің парабиоз теориясы сыртқы әсерлерге тірі
ұлпалардың әмбебап жауабы ретінде организмнің қызметтік
мүмкіндігін, соның ішінде қозғалыс әрекетін анықтайтын қозу мен
тежелу үдерістерінің генетикалық бірлігін ашып көрсетеді.

    А. А. Ухтомскийдің орталық жүйке жүйесінің (ОЖЖ) негізгі
заңдылығы – доминанта туралы ілімінің соңғы қозғалыс әрекетінің
қалыптасуындағы күші бойынша әртүрлі қозу ошақтарының күрделі
өзара қарым-қатынасы механизмдерін түсінуде маңызы зор. Жүйке
қызметінің механизмдерін зерттей отырып, белгілі ағылшын фи-
зиологы Ч. Шеррингтон жүйке жүйесінің интегративті қызметі ту-
ралы ілімнің дамуына атсалысты. Оның реципроктық (ілеспелі)
тежелу туралы еңбектері қозғалыс координациясы (үйлесімділігі)
туралы ілімнің жетілуіне өз үлесін тигізді. Қозғалыс және
вегетативтік қызметтердің жоғары үндесуінің ішкі табиғатын ашуда
У. Кеннонның гомеостаз туралы ілімінің айтарлықтай септігі бар.
У. Кеннон организмнің ішкі сұйық ортасының тұрақтылығын сақтау
мен эмоцияның дамуындағы симпатикалық-адреналдық жүйенің

маңызын негіздеген.

           17

⇐ МАЗМҰНЫ
   12   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22