Page 18 - indexf
P. 18

Ресейде П. Ф. Лесгафт атындағы дене шынықтыру институтын-
да Л. А. Орбели басқарған физиология кафедрасында организмге
дене жүктемелерінің ықпалына алғаш ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізе бастады.

    Қозғалыс әрекетінің физиологиясын зерттеуде Л. А. Орбелидің
бұрынғы жағдайларға тәуелді организм жасушалары мен
ұлпаларының қалыпты күйін сақтаудағы физиологиялық меха-
низмдерге, зат алмасуға симпатикалық жүйке жүйесінің бейімделе-
қоректену ықпалының әмбебап сипаттамасы туралы ілімінің аса зор
үлесі бар. Сондай-ақ ғылымның әрі қарай дамуына ми қыртысының
функциялық күйін реттеудегі торлы құрылымның маңызы туралы
жаңалықтары да көп ықпал етті. Қажу және қалпына келудің физио-
логиялық механизмдері туралы ілімнің дамуына Г. В. Фольборт, М.
И. Виноградов, В. В. Розенблат және т.б. ғалымдардың еңбектері де
өз септігін тигізген. Ерікті қозғалыстар физиологиясының дамуы-
на бұрынғы кеңес ғалымдары И. А. Аршавский, С. И. Гальперин,
Е. К. Жуков, Н. В. Зимкин, А. В. Коробков, Ф. З. Меерсон, В. В. Па-
рин жұмыстары көп үлес қосты. Сондай-ақ көптеген ерікті бұлшық
ет қызметімен байланысты мәселелер Э. А. Асратян, Е. М. Крепс,
Н. Д. Граевская, А. Г. Хрипкова, В. П. Филин, В. В. Васильева, В.
Н. Черниговский, Я. М. Коц, Б. М. Сермеев, т.б. еңбектерінде ашып
көрсетілген.

    Дене тәрбиесі мен спорт түрлерін физиологиялық сипатта
жүйелеудің іргетасын алғашқы қалаушылардың бірі профессор
А. Н. Крестовников болды. Оның спорт физиологиясы бойынша
оқулығы (1938) мен монографияларының (1939) маңызы ерекше.

    Бұл оқу құралдары дене жаттығулары мен спорт физиологиясы
бойынша зерттеулердің әрі қарай дамуына өз септігін тигізді. Ав-
тор «Дене жаттығулары физиологиясы бойынша очерктер» (Очерки
по физиологии физических упражнений) атты кітабында спорттық
жаттықтыру кезіндегі бейімделудің орталық жүйкелік механизмдері
жөнінде көптеген мәселелерді көтерген. Бұл мәселенің дамуына
В. С. Фарфельдің «Спорт физиологиясы» (1960), Н. В. Зимкиннің
«Адам физиологиясы» (1964, 1970, 1975) еңбектерінің аса зор ықпалы
бар. А. С. Мозжухин спортшының қызметтік қорлары, Е. Б. Соло-
губ, А. С. Солодков дене жүктемелеріне спортшы организмдерінің
физиологиялық бейімделуі мәселелерін зерттеген. Қазіргі таңда
дене тәрбиесі және спорт физиологиясы бойынша Я. М. Коц,

           18

⇐ МАЗМҰНЫ
   13   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23