Page 19 - indexf
P. 19

Н. А. Фомин, В. М. Смирнов, В. И. Дубровский, А. С. Солодков,
Е. Б. Сологуб, Д. Уилмор оқулықтарының маңызы зор.

    Қазақ жерінде физиология ғылымын қалыптастыру барысын-
да Қазақстандағы тұңғыш ғылыми-зерттеу физиология институ-
ты ғалымдарының да еңбектері мол. Ол институттың іргетасын
ғалым, академик А. П. Полосухин қалаған. Қазақстандық ғалымдар
А. М. Бекетаев, І. А. Берікханова, Л. Е. Бөлекбаева, Х. Қ. Сәтпаева,
Н. М. Мырзаханов, т.б. жүйкенің қан тамырларына тигізетін әсерін,
қан айналым жүйесіне бірінші және екінші сигналдық жүйелер
арқылы берілетін шартты әсерлерін және бұрын тексерілмеген
лимфология саласын зерттеуде үлкен табыстарға жетті. Акаде-
мик Н. О. Базанованың шәкірттері Қ. Д. Дүйсембин, Т. О. Измаи-
лов, З. Қ. Қожебеков, Г. Н. Несіпбаев, Б. Н. Никитин, К. Т. Таше-
нов зерттеулерінің де маңызы зор. Қазақстандағы физиология
ғылымының жаңа салалары – нейрофизиологияның және сыртқы
ортаға бейімделу мен сауықтыру мәселелерінің дамуына про-
фессорлар Қ. С. Рымжанов, С. Т. Төлеуханов, С. Ж. Тілеулин,
Б. А. Жетпісбаев, Е. Д. Дәленов және т.б. айрықша еңбек сіңірді.

    Қазақстанда спорт физиологиясы ілімінің ғылыми, оқу-
әдістемелік негізін салуда және оның дамуында Қазақ спорт және
туризм академиясының ғалымдары Л. Р. Кудашова, С. Ж. Бұғыбаева,
Р. Б. Лесбекова, С. Т. Сарсенова, Я. И. Невский және т.б. еңбектерінің
үлесі зор.

Дене тәрбиесі мен спорт физиологиясының зерттеу әдістері

    Дене тәрбиесі мен спорт физиологиясы ғылымының зерттеу ме-
тодологиясы:

    1.	Көлденең бағытта салыстыра зерттеу;
    2.	Бойлық (тігінен) салыстыру сияқты екі бағытта жүргізіледі
(3-сурет).
    3 (А, Ә)-суреттерде липидтер (майлар) мен белоктардан тұратын
қосылыстар – жоғары тығыздықты липопротеиндердің (ЖТЛП)
немесе «жақсы холестеролдың» орташа концентрациясын түрлі
жағдайларда салыстыра зерттеу көрсетілген.
    Холестерол – организм тіршілігіне қажетті май тәріздес заттар.
Ол бауырда түзіледі және аспен, әсіресе, ет, сүт тағамдарымен орга-

           19

⇐ МАЗМҰНЫ
   14   15   16   17   18   19   20   21   22   23   24