Page 23 - indexf
P. 23

және қан алу қиындық тудырмайды.

                                     6-сурет. Тредбан

    Тредбан қазіргі кезде зерттеушілер мен дәрігерлер көп
қолданатын құралдардың бірі (6-сурет). Ондағы мотор мен ролик-
тер жүйесі зерттелушінің не жүруіне, не жүгіруіне мүмкіндік беретін
қозғалыстағы жалпақ лентадан тұрады. Оның ұзындығы мен ені дене
мөлшері мен қадам ұзындығына сәйкес келу керек. Тредбан арқылы
жүректің жиырылу жиілігі (ЖЖЖ), оттегіні пайдалану мен венти-
ляция секілді өлшенетін барлық физиологиялық көрсеткіштердің ең
жоғары «шың» мәндеріне жетуге болады.

    Жоғарыда айтылған құралдардан басқа эргометрлер түрлері де
қолданылады. Мысалы, спортшы және спортпен шұғылданбайтын
адамдарды тестілеу үшін қозғалысқа негізінен қолы мен иық белдеуі
қатысатын спорт түрлерінде (мәселен, жүзуде) қол эргометрі, ескек
есушілерді тексеруде еспелі эргометр пайдаланылады.

           23

⇐ МАЗМҰНЫ
   18   19   20   21   22   23   24   25   26   27   28