Page 191 - indexf
P. 191

Сыртқы тыныс алу жүйесі. Сыртқы тыныс алу оттегі тасымал-
дау жүйесінің бірінші буыны болып табылады. Ол организмді өкпе
вентиляциясы (желденуі) мен қанға өкпе (альвеолалық-капиллярлық)
мембранасы арқылы оттегі диффузиясы есебінен сыртқы ауадан ала-
тын оттегімен қамтамасыз етеді.

    Өкпе көлемі мен сыйымдылығы. Төзімділікке жаттыққан
спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда өкпе көлемі мен
сыйымдылығы (тыныс көлемін қоспағанда) тыныштық күйде орта
есеппен, 10-20%-дан көбірек. Алайда, әсіресе, өкпенің тіршілік
сыйымдылығы (ӨТС), жалпы және қалдық көлем дене өлшеміне
пропорциялы болғандықтан, дене өлшемін ескеру кезінде бұл
айырмашылықтар азаяды.

    Дене өлшеміне қатысты алып қарағанда, өкпе көлемі мен
сыйымдылығы ОМП мен спорттық нәтижелермен әлсіз үйлеседі
(корреляция) немесе мүлдем үйлеспейді. ӨТС салыстырмалы аз
спортшыларда ОМП көп немесе керісінше болуы мүмкін, жоғары
білікті спортшыларда ӨТС және ОМП арасында жоғары емес
үйлесімдік тән. Дегенмен, жаттықпаған адамдардағы сияқты спорт-
шыларда да максималды аэробтық жұмыс кезінде тыныс көлемі
(тыныс тереңдігі) ӨТС-ның 50-55%-ына жетеді. Сондықтан ӨТС
аз спортшыларда өкпе вентиляциясының жоғары болуы мүмкін
емес. Оттегіні пайдалану жылдамдығы 4 л/мин және одан жоғары
болғанда ӨТС 4,5 л-ден кем болмау керек. Ең жоғары ӨТС мөлшері
ескек есушілерде 9 л болып тіркелген.

    Өкпе вентиляциясы. Оттегі пайдалану жылдамдығының
жоғары болуына орай өкпе вентиляциясы төзімділік жаттығуларын
орындаудың барлық уақытында да жоғары. Мәселен, ұзақтығы 30
минутқа жуық және жылдамдығы 10 000 м-ге сәйкес келетін тред-
банда жүгіру кезінде ұзақ қашықтыққа (стайер) жүгірушілерде өкпе
вентиляциясы 120-145 л/мин. аралығында болады. Жаттықпаған
адамдарда мұндай ӨВ шекті әрі өте қысқа уақыт бойында ғана ұстап
тұра алынады.

    Тіпті, максималды аэробтық жүктеме кезінде де жұмыс ӨВ
максималды ерікті вентиляциямен (МЕВ) өлшенетін тыныс
аппаратының шекті мүмкіндігінен төмен болатыны белгілі. МЕВ
төзімділікке жаттығуларды орындау кезінде спортшы көптеген ми-
нуттар және тіпті, сағаттар бойы өте жоғары жұмыс өкпе вентиля-
циясын ұстап тұрғандағы қысқа уақытта (көбіне, 12 с) анықталады.

           191

⇐ МАЗМҰНЫ
   186   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196