Page 189 - indexf
P. 189

ыстыру жылдамдығы) қуаттылығы көп болған сайын жоғары бола-
ды. Сондықтан жоғары төзімділікті қажет ететін спорт түрлерінде
спортшылар көп аэробтық мүмкіндіктерге:

    1.	Оттегі пайдаланудың жоғары максималды жылдамдығына
(көп аэробтық «қуаттылыққа»);

    2.	Оттегі пайдаланудың жоғары жылдамдығын ұзақ ұстап
тұру қабілетіне (көп аэробтық «сыйымдылыққа») ие болу қажет.

    Оттегіні максималды пайдалану (ОМП). Адамның аэробтық
мүмкіндіктері ең алдымен, оттегі пайдаланудың ол үшін максимал-
ды жылдамдығымен анықталады. Неғұрлым ОМП жоғары болған
сайын, соғұрлым максималды аэробтық жүктеменің абсолютті
қуаттылығы жоғары келеді. Бұдан басқа ОМП неғұрлым жоғары
болған сайын, соғұрлым салыстырмалы жеңіл және сондықтан
аэробтық жұмысты орындау ұзақтау болады.

    Сонымен, спортшыларда ОМП жоғары болған сайын, ол
соғұрлым сол арақашықтықта жоғары жылдамдықты ұстап тұра
алады, сәйкесінше, төзімділіктің көрінуін талап ететін жаттығуларда
оның спорттық нәтижелері жоғары болып келеді. ОМП жоғары
болған сайын, соғұрлым аэробтық жұмысқа қабілеттілік (төзімділік)
көбірек, яғни соғұрлым аэробтық сипатты көп жұмыс көлемін
адам орындауға қабілетті келеді. Мұнда осы ОМП-ға төзімділіктің
тәуелділігі неғұрлым аэробтық жүктеменің салыстырмалы
қуаттылығы азырақ болған сайын, соғұрлым көбірек (кейбір шекте)
көрінеді.

    Осыдан спортшыларда төзімділіктің көрінуімен қатар жүретін
спорт түрлерінде ОМП басқа спорт түрлері өкілдеріне және сол
жастағы жаттықпаған адамдарға қарағанда жоғары болатыны
түсінікті. Егер жаттықпаған 20-30 жастағы ер адамдарда ОМП
орта есеппен, 3-3,5 л/минутқа (немесе 45-50 мл/кг-мин) тең бол-
са, жоғары білікті ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде (стайер) және
шаңғышыларда ол 5-6 л/минутқа (немесе 80 мл/кг-минуттан аса)
жетеді. Жаттықпаған әйел адамдарда ОМП орта есеппен 2-2,5 л/
минутқа (немесе 35-40 мл/кг-мин) тең болса, ал шаңғышыларда 4 л/
мин. (немесе 70 мл/кг-минуттан аса) болады.

    ОМП абсолюттік көрсеткіштері (л О2/мин) дененің өлшемімен
(салмағымен) тура байланыста болады. Сондықтан ОМП неғұрлым
жоғары абсолютті көрсеткіштері ескекшілерге, жүзгіштерге,
велосипедшілерге, конькишілерге тән болады. Бұл спорт түрлерінде

           189

⇐ МАЗМҰНЫ
   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193   194