Page 195 - indexf
P. 195

төмендеуі спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда
альвеолалық капиллярлардан өтіп кетіп, артериялық тамырлар мен
жүрек қуысына тура түсетін веналық қан көлемінің – «веналық
шунттың» неғұрлым айтарлықтай болуымен байланысты болуы
ықтимал. Бұл жағынан әсіресе, жүректің коронарлық венасынан қан
ағымының жылдамдығы үлкен рөл атқарады, өйткені спортшылар-
да спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда коронарлық қан
айналымы көлемі жоғары, ал коронарлық вена қанындағы оттегі
мөлшері төмен болады.

    Тұтасымен алғанда спортшының сыртқы тыныс алу жүйесі
жұмыс атқаратын бұлшық еттер мен басқа белсенді мүшелер
мен ұлпалардың оттегімен тиімді қамтамасыз етілуіне қажетті
артериялық қандағы оттегі кернеуін ұстап тұрады.

    Сонымен сыртқы тыныс алу жүйесіне қатысты төзімділікке
жаттықтырудың басты әсерлері:

    1.	Өкпе көлемі мен сыйымдылығының ұлғаюынан;
    2.	Сыртқы тыныс алу қуаттылығының және тиімділігінің
(үнемділігінің) артуынан;
    3.	Өкпенің диффузиялық қабілетінің жоғарылауынан тұрады.

           Қан жүйесі

    Қанның көптеген көрсеткіштері аэробтық төзімділікке елеулі
ықпал ете алады. Ең алдымен, организмнің оттегі тасымалдау
мүмкіндіктері қан көлемі мен ондағы гемоглобин мөлшеріне тәуелді
болады.

    Қан көлемі және құрамы. Төзімділікке жаттықтыру қан
айналымдағы қан көлемінің (ҚАҚК) айтарлықтай артуына әкеледі.
Ол спортшыларда спортпен айналыспайтын адамдарға қарағанда
едәуір жоғары болады. Мұнда қан айналымдағы қан көлемінің ар-
туы төзімділікке жаттықтырудың арнайы әсері болып табылады. Ол
жылдамдықты-күштік спорт түрлері өкілдерінде байқалмайды. Дене
өлшемін (салмақты) ескере отырып, бір жағынан, жаттықпаған адам-
дар мен екінші жағынан, басқа дене сапасын жаттықтыратын спорт-
шылармен салыстырғанда төзімді спортшыларда қан айналымдағы
қан көлемінің арасындағы айырмашылық орта есеппен, 20% жоғары
болады.

           195

⇐ МАЗМҰНЫ
   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199   200