Page 187 - indexf
P. 187

–– орталық жүйке жүйесінен бұлшық еттерге команда келу
жылдамдығы;

    –– бұлшық еттің күші (АТФ адинозинтрифосфат), АТФ-
тың бөліну жылдамдығы және АТФ-тың қайта қалыпқа келу
жылдамдығы. АТФ-тың бастапқы қалпына келу жылдамдығына кре-
атинфосфат (КФ) әсер етеді.

    Психологиялық жағынан, жылдамдыққа әсер етуші фак-
тор ретінде жүйке жүйесінің бұлшық еттердің жиырылуы мен
босаңсуына команда беру жылдамдығымен байланысты келеді.
Осы жағдайды ескере, спортшыны психологиялық жағынан бола-
тын алдағы жұмысқа дайындау негізгі үлкен жұмыс болып табыла-
ды. Жылдамдық сапасының әртүрлі болып келуі бұлшық еттердің
биомеханикалық ресинтездік жұмыстарды атқару мүмкіндігі және
адамның ерік-жігерінің күштілігімен анықталады.

    Қимыл бірлігінің құрамына әртүрлі мөлшердегі бұлшық ет
талшықтары кіретіндігі белгілі. Мысалы, көз алмасының сыртқы
бұлшық еттерінде талшықтар саны 3-6, саусақта 10-25, қол бұлшық
етінде 500, балтыр бұлшық еттерінде 2000-7000 аралығында бола-
ды. Спортшылардың бұлшық ет талшықтары түрлерінің санына
қарай стайер және спринтерлер деп ажыратады. Стайер спортшы-
ларында баяу ет талшықтарының мөлшері 70%-дан кем болмайды.
Марофоншылардың балтыр бұлшық етінде баяу ет талшықтарының
мөлшері 93-99% жетсе, спринттік қашықтықжелаяқтарының балтыр
бұлшық етінде баяу ет талшықтарының мөлшері 23%-ды құрайды.

    Спорттық шеберлікті жоғары дәрежеде меңгеру, оны үнемді түрде
жылдам және уақытында орындай білу жүргізілген педагогикалық
жұмыстардың сапасына байланысты болып келеді (Д. Оңғарбаева
және әріпт., 2013).

Төзімділіктің физиологиялық механизмдері.
            Төзімділік туралы түсінік

    «Төзімділік» түсінігі адамдардың дене (бұлшық ет) және ой
еңбегі түрлерінің ұзақ орындалу қабілетін сипаттай отырып, ауызекі
тілде өте кең мағынада қолданылады. Адамның қозғалыс дене са-
пасы (қабілеті) ретінде төзімділікке сипаттама беру салыстырмалы,
яғни ол әрекеттің тек белгілі бір түріне қатысты. Басқаша айтқанда,

           187

⇐ МАЗМҰНЫ
   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192