Page 192 - indexf
P. 192

Жаттықпаған жас ер адамдарда МЕВ орта есеппен 120 л/мин. болса,
ал жақсы жаттыққан спортшыларда бұл көрсеткіштер жоғары келеді.

    Әсіресе, тыныс аппараты төзімділігі көрсеткіштерінде
елеулі айырмашылықтар байқалады. Мәселен, ұзақ қашықтыққа
жүгірушілер МЕВ 80% деңгейінде өкпе вентиляциясын орташа
11 мин. ұстаса, ал жаттықпаған адамдарда 3 мин. болады. Тыныс
бұлшық еттерінің жақсы дамуы (тыныс бұлшық еттерінің күші
мен төзімділігі), сонымен қатар тыныс жолдарында ауа қозғалысы
кедергісінің төмендеуі бұлшық ет жұмысы кезінде жоғары өкпе вен-
тиляциясын ұстап тұруға мүмкіндік береді.

    Сол бірдей жұмыс өкпе вентиляциясы кезінде спортшыларда ты-
ныс жиілігі жаттықпаған адамдарға қарағанда төмен. Сәйкесінше,
спортшыларда өкпе вентиляциясының өсуі тыныс жиілігіне
қарағанда көп мөлшерде тыныс көлемінің (тыныс тереңдігі) артуы
есебінен қамтамасыз етіледі. Бұған:

    1) ұлғайған өкпе көлемі;
    2) тыныс бұлшық еттері жоғары күші мен төзімділігі;
    3) кеуде қуысы мен өкпенің жоғары созылғыштығы;
    4) ауа жолдарында ауа ағымына кедергінің төмендеуі мүмкіндік
береді. Тыныс көлемі артқан кезде «өлі» кеңістік көлемі салыстыр-
малы төмендейді. Осының арқасында ӨВ тиімдірек болады, өйткені
оның неғұрлым айтарлықтай бөлімін бұл жағдайда альвеолалық
вентиляция құрайды.
    Өкпе вентиляциясы тиімділігінің жоғарылауы сыртқы тыныс
қызметіне қатысты төзімділік жаттығуының басты нәтижесі. Бұл
туралы, атап айтқанда, оттегі вентиляциялық эквиваленті, яғни
өкпе вентиляциясы көлемінің пайдаланған оттегі литріне (VЕ/VО2)
қатынасы бойынша бағалауға болады. Тыныштық күйдегі оттегі
вентиляциялық эквиваленті төзімділікке жаттықтыру нәтижесінде
мүлдем өзгермейді. Дегенмен, бұлшық ет жұмысы мезгілінде
оттегіні бірдей пайдалану кезінде желдетілген ауа мөлшері спорт-
шыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда аз болады. Мұнда бұл
айырмашылық неғұрлым орындалған жұмыс қуаттылығы көп, яғни
оттегі пайдалану жылдамдығы жоғарылаған сайын соғұрлым көп
болады.
    Жаттықтыру нәтижесінде вентиляциялық анаэробтық
табалдырықтың, яғни жұмыс қуаттылығына қарағанда өкпе
вентиляциясының тез өсуінен басталатын критикалық жұмыс

           192

⇐ МАЗМҰНЫ
   187   188   189   190   191   192   193   194   195   196   197