Page 193 - indexf
P. 193

қуаттылығы жоғарылауының аса маңызы зор. Жаттықпаған адам-
дарда вентиляциялық анаэробтық табалдырық ОМП 50-60%-ға
тең жүктеме қуаттылығына сәйкес келеді, ал төзімділікке жақсы
жаттыққан спортшыларда ОМП 80-85%-ға сәйкес келеді.

    Осыған орай спортшыларда жоғары аэробтық қуаттылықты
жаттығуларды орындау кезінде қажетті өкпе вентиляциясы көлемі
спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда айтарлықтай төмен
болады. Тіпті, айтулы спортшылар көп жағдайларда 5 л/мин. және
одан да жоғары ОМП-дың ең жоғары деңгейіне, жаттықпаған адам-
дар үшін ОМП-дың барынша төмен деңгейіне жетуіне қажетті өкпе
вентиляциясы кезінде-ақ жете алады.

    Тыныс алудың оттектік құндылығының әсіресе, критикалық,
яғни анаэробтық табалдырықтан жоғары қуаттылық кезінде
өкпе вентиляциясының артуымен тез өсетіні белгілі. Желде-
ну тиімділігінің артуы арқасында әсіресе, ұзақ жұмыс мысалы,
марафондық жүгіру кезінде жаттықпаған адамдарға қарағанда
спортшылардың тыныс бұлшық еттеріне оттегі азырақ жұмсалса, ал
оның жұмыс атқаратын қаңқа бұлшық еттеріне көп барады. Деген-
мен, өкпе вентиляциясының бірдей деңгейі кезінде тыныс алудың
механикалық жұмысы, сәйкесінше және оның оттектік құндылығы
жаттыққан мен жаттықпаған адамдарда ұқсас екенін атап өткен жөн.

    Төзімділікке жаттықтыру нәтижесінде қандағы лактат кон-
центрациясы максималды емес аэробтық жұмысты орындау
кезінде төмендейді. Осыған байланысты жұмыс гипервентиля-
циясы химиялық стимулдарының бірі әлсірейді. Бұдан басқа
жаттыққан төзімді спортшыларда СО2 әсеріне тыныс орталығының
сезімталдығы төмен.

    Сонымен, төзімділікке жаттықтыру бір жағынан стандартты
максималды емес аэробтық жұмыс кезінде өкпе вентиляциясын
төмендетеді, ал екінші жағынан максималды аэробтық жұмысты
орындау кезінде максималды жұмыс гипервентиляциясын
жоғарылатады. Ол спортшыларда көбіне, 180 л/мин, ал жаттықпаған
адамдарда 120 л/мин. жуыққа тең болады. Спортшыларда
жоғары максималды жұмыс гипервентиляциясының «химиялық»
механизміне (өте жоғары оттегі пайдалану жылдамдығына жуық
немесе оған тең) СО2 түзілуінің күшеюі, сонымен қатар макси-
малды аэробтық қуаттылықты жүктемені орындау кезінде артерия
қанындағы лактат пен сутек иондарының жоғары концентрациясы
жатады.

                                      193

⇐ МАЗМҰНЫ
   188   189   190   191   192   193   194   195   196   197   198