Page 194 - indexf
P. 194

Өкпенің диффузиялық қабілеті. Тыныштық күйде және бұл-
шық ет жұмысы кезінде спортшыларда спортпен шұғылданбайтын
адамдарға қарағанда өкпенің диффузиялық қабілеті жоғары.
Мәселен, ол тыныштық күйде марафоншы-желаяқтарда максимал-
ды жұмыс кезіндегі жаттықпаған ер адамдармен тең келеді. Деген-
мен, түрлі адамдарда өкпенің максималды диффузиялық қабілетінің
көрсеткіштерінде үлкен айырмашылықтар бар болғанмен, тұтасымен
алғанда олар максималды аэробтық мүмкіндіктермен тура байланыс-
та болады.

    Спортшыларда өкпенің диффузиялық қабілетінің жоғарылауы
өкпе көлемінің ұлғаюымен де біраз байланысты. Ол бастысы
альвеолалық капиллярлар торының кеңеюі мен қанның орталық
көлемінің жоғарылауы арқасында өкпе капиллярларындағы қан
көлемінің артуы себепті жоғары альвеолалық-капиллярлық беткейді
қамтамасыз етеді.

    Өкпенің мұндай жоғары диффузиялық қабілеті өте үлкен
қуаттылықты жүктеме кезінде альвеолалардан өкпе капиллярлары
қанына оттегінің жылдам өтуіне және оның оттегімен тез қанығуына
әкеледі.

    Артериялық қандағы оттегі парциалдық кернеуі (РаО2)
өкпедегі оттегі алмасуының тиімділігі туралы бағалауға
мүмкіндік береді. Тыныштық күйде ол спортшылар мен спортпен
шұғылданбайтын адамдарда бірдей және дені сау адамдарда 40 жасқа
дейін шамамен, 85-105 мм сынап бағанасы мөлшері аралығында
(көбіне, 95-98 мм сынап бағанасы) болады.

    Субмаксималды және неғұрлым жеңіл аэробтық жұмыс
кезіндегі РаО2 тыныштық күйінен еш айырмашылығы жоқ. Тек ол
максималдыға жуық және максималды аэробтық жұмыс кезінде
біраз төмендейді: жаттықпаған адамдарда көбіне, 5-10 мм сынап
бағанасы аспайды, ал өте жақсы жаттыққан ОМП жоғары спортшы-
ларда максималды жұмыс кезінде 10-15 мм сынап бағанасы болады.

    Спортшыларда мұндай РаО2 айтарлықтай төмендеуі өкпенің
диффузиялық қабілетінің жеткіліксіздігі немесе альвеолалық
ауадағы оттегі парциалдық қысымының төмендеуі салдары болып
табылмайды. Бұл бәрінен бұрын өкпе вентиляциясы мен қан пер-
фузиясы арасындағы сәйкессіздіктен, сонымен бірге альвеолалық
капиллярлар арқылы қан қозғалысының жоғары жылдамдығынан
болуы ықтимал. Осымен қатар спортшыларда РаО2 айтарлықтай

           194

⇐ МАЗМҰНЫ
   189   190   191   192   193   194   195   196   197   198   199