Page 186 - indexf
P. 186

Қозғалыс қарқыны белгілі бір уақыт аралығында орындалған
қозғалыс жиілігімен есептеледі.

    Жоғарыда көрсетілген қозғалыс түрлері бір-бірімен тығыз
байланыста болмайды. Мысалы, сыртқы тітірткендіргішке жауап
жылдамдығы өте тез болғанымен, қажетті қозғалысты орындау баяу
болуы ықтимал.

    Спорттық практикада жылдамдық түрлерінің бір-бірімен
қосылатындығын көруге болады. Мысалы, спринттік жүгіруде
сөреде берілген дыбыс белгісімен, сөреден ытқып шығу және жыл-
дам жиі аттаудың барлығының өзара қосындысын көруге болады.

    Жылдамдық түрлерінің бір-біріне берілуін өзара ұқсас қозғалыс
түрлері кезінде байқауға болады. Мысалы, орында тұрып секіруді
жақсы орындау, қысқа қашықттыққа жылдам жүгіру, ядро итеру
т.б. жаттығуларының сапалы болуына әкеледі. Себебі көрсетілген
барлық спорт түрлерінде аяқтың жылдам серпіліп-жазылуы шешуші
рөл атқарады, бірақ дәл осы көрсеткішнің суға жүзуге, боксқа,
клавиштерді басуға қатысы шамалы.

    Спорт түрлерінде кездесетін күрделі жаттығу түрлерінің
барлығындағы жылдамдық түрлерінің қосындысы шапшаңдықтың
дәрежесін көрсетеді.

    Адам организмінің морфологиялық, физиологиялық,
психологиялық ерекшелігі және спорттық шеберлігі дайындығы
деңгейі спортшының жылдамдық, шапшаңдық қабілетін анықтайды.

    Жылдамдық дене сапасын анықтайтын көрсеткіштер
    Адамның жылдамдық қабілеті көрсеткіштері оның туа біткен
морфологиялық, физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерімен
қатар, оған әсер етуші арнайы педагогикалық жаттықтыру
жұмыстары сапасынан тұрады.
    Морфологиялық көрсеткіштер:
    –– адамның антропометриялық ерекшелігі (дене салмағы, бойы);
    –– адам денесі бұлшық етінде туа біткен ерекшелігі бойынша
жылдам талшықтардың көп болуы.
    Жылдам талшықтар бойында гликоген көп болады, төзімділігі
аз, капилярлар мен миоглобин мөлшері аз болғанымен, қысқа уақыт
аралығында жылдам және күшті қозғалыстар жасауға бейім келеді.
    Физиологиялық факторлар:
    –– жүйке жүйесіндегі қозу және тежелу үдерістерінің жылдам
өтуі;

           186

⇐ МАЗМҰНЫ
   181   182   183   184   185   186   187   188   189   190   191