Page 188 - indexf
P. 188

төзімділік арнайы, демек, әр адамда әрекеттің белгілі, арнайы түрін
орындау кезінде көрінеді.

    Орындалатын дене (бұлшық ет) жұмысы типі мен сипатына бай-
ланысты төзімділік:

    1.	Статикалық және динамикалық төзімділік, яғни сәйкесінше
статикалық немесе динамикалық жұмысты ұзақ орындау қабілеті;

    2.	Жергілікті (локалды) және ауқымды (глобалды) төзімділік,
яғни сәйкесінше жергілікті (бұлшық еттің аз санының қатысуымен)
немесе ауқымды (бұлшық ет массасының жартысынан көбірек
бұлшық еттер тобының қатысуы кезінде) жұмысты ұзақ жүзеге асы-
ру қабілеті;

    3.	Күштік төзімділік, яғни көп бұлшық ет күшінің көрінуімен
қатар жүретін жаттығуды бірнеше рет қайталау қабілеті;

    4.	Анаэробтық және аэробтық төзімділік, яғни энергиямен
қамтамасыз етілудің анаэробтық немесе аэробтық типтерінің ба-
сым келуімен ауқымды жұмысты ұзақ орындау қабілеті деп 4-топқа
жіктеледі;

    Спорт физиологиясында төзімділікті көбіне, бұлшық ет
массасының көп (дененің барлық бұлшық ет массасының жарты-
сына жуық және одан асатын) бөлімінің қатысуымен орындалатын
және көбірек немесе толығымен аэробтық жолмен жұмыс істейтін
бұлшық еттерде энергия өндірілуін қамтамасыз ететін организмнің
оттегіні үнемі пайдалануы арқасында үздіксіз 2-3 минут созылатын
осындай спорттық жаттығулардың орындалуымен байланыстырады.
Басқаша айтқанда, спорт физиологиясында төзімділікті аэробтық си-
патты ауқымды бұлшық ет жұмысын ұзақ орындау қабілеті ретінде
анықтайды.

    Төзімділікті қажет ететін спорттық жаттығуларға барлық
циклдік сипаттағы аэробтық жаттығулар, атап айтқанда, 1500 м
арақашықтыққа жеңіл атлетикалық жүгіру, спорттық жүріс, тас жол
веложарыстары, барлық арақашықтықтағы шаңғы жарыс, 3000 м
арақашықтыққа конькимен жүгіру, 400 м арақашықтыққа жүзу және
т.б. жатады.

Организмнің аэробтық мүмкіндіктері және төзімділік

    Аэробтық сипаттағы жаттығуларды орындау кезінде оттегі пай-
далану жылдамдығы (л О2/мин) орындалатын жүктеменің (орын ау-

           188

⇐ МАЗМҰНЫ
   183   184   185   186   187   188   189   190   191   192   193