Page 197 - indexf
P. 197

анықтайды. Сондықтан алғаш қарағанда төзімділіктің көрінуін та-
лап ететін спорт түрлері өкілдерінде спортпен шұғылданбайтын
адамдармен немесе басқа спорт түрлері спортшыларымен қандағы
эритроциттер мен гемоглобиндер концентрациясының орта есеп-
пен бірдей немесе тіпті, одан да біраз төмен болуы күтпеген жайт
болып табылады.

    Осымен қатар төзімді спортшыларда ҚАҚК қаншалықты артуы-
мен оларда қандағы эритроциттер мен гемоглобиндердің жалпы
мөлшері жоғары пропорциялы болады. Мәселен, жаттықпаған ер
адамдарда және жылдамдықты-күштік спорт түрлері өкілдерінде
қандағы гемоглобиннің жалпы мөлшері орта есеппен 700-900 г
немесе 10-12 г/кг (әйел адамдарда 500 г жуық немесе 8-9 г/кг), ал
төзімді спортшыларда сәйкесінше, 1000-1200 г немесе 13-16 г/кг
(әйел адамдарда 800 г немесе 12 г/кг).

    Сонымен, төзімділікті жаттықтыратын спортшыларда эритроцит-
тер мен гемоглобиндердің жалпы өнімі спортпен шұғылданбайтын
адамдардан асады. Дегенмен, эритропоэздің және гемоглобин
түзілуінің күшеюі ҚАҚК артуымен эритроциттер мен гемоглобиннің
«қалыпты» концентрациясын ұстап тұруын ғана қамтамасыз етеді.
Мұндай спортшыларда эритропоэз және гемоглобин түзілуінің
қалыпты арақатынасы да сақталады, демек, эритроциттердегі
гемоглобиннің орташа концентрациясының кәдімгі мөлшерден
айтарлықтай айырмашылығы болмайды.

    Эритропоэздің (және гемоглобин түзілуінің) күшеюіне әсер
ететін механизмнің біріне (стимулдайтын) күшті жаттықтыру мен
жарыстар әсіресе, жүгіру кезінде жүретін жұмыс гемолизі жата-
ды. Бұл туралы спортпен шұғылданбайтын адамдармен (200 мг%)
салыстырғанда жаттыққан желаяқтардағы (орта есеппен, 100 мг%
жуық) гаптоглобиннің төмен концентрациясы бойынша бағалауға
болады. Мұнда кейбір жағдайларда өте ауыр жүктемелерден кейін
қандағы гаптоглобин мүлдем байқалмауы да мүмкін.

    Гаптоглобин (Нр) эритроциттер бұзылуы (гемолиз) кезінде
түзілген бос гемоглобинмен байланысып, оның организмнен
шығарылуының алдын алатын қан плазмасы гликопротеиді, күрделі
белок. Ол бауырда, май ұлпаларында және өкпеде синтезделеді.
Түзілген гаптоглобин-гемоглобин кешені (Нр-Нb) бүйрек
шумақтарынан өте алмағандықтан, организмде темірді ұстап тұруға
қабілетті келеді. Және соңғы жаңалықтар бойынша оның липидтер-

           197

⇐ МАЗМҰНЫ
   192   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202