Page 198 - indexf
P. 198

дің асқын тотығуы үдерісін тежейтін пероксидазалық белсенділікке
де ие екендігі анықталған. Ұзақ уақыт гаптоглобин мөлшерінің
жоғары болуы ауру белгілері болып табылады. Қан плазмасындағы
гаптоглобин мөлшерінің орташа көрсеткіштері жасқа байланысты
өзгеріп отырады: жаңа туған нәрестеде 50-480 мг/л, 6 айдан – 16
жасқа дейін 250-1380 мг/л, 16-дан 60 жасқа дейін 150-200 мг/л, ал 60
жастан асқан егде адамдарда 350-1750 мг/л.

    Спортшыларда тыныштық күйде эритроциттер концентрация-
сының (азайған гематокрит) біршама төмендеуінің белгілі бір
артықшылығы бар, себебі осылайша жүрекке жүктеме түсуін
азайтады. Бұлшық ет жұмысы кезінде гемоконцентрация гемогло-
бин мөлшерінің жоғарылауын қамтамасыз етеді және сондықтан
жүктеме қуаттылығына пропорциялы қанның оттегі сыйымдылығын
арттырады. Осы тұрғыдан тыныштық күйде қанның қызыл
элементтері көрсеткіштері неғұрлым төмен (эритроциттер мен
гемоглобиндердің концентрациясы төмен) және ҚАҚК айтарлықтай
болатын жақсы жаттыққан спортшылардың белгілі бір функциялық
артықшылықтары бар, яғни оларда қандағы жұмыс өзгерістері диа-
пазоны артқан, ал сәйкесінше аз жаттыққан адамдарға қарағанда
оттегі тасымалдау мүмкіндігін жоғарылату үшін қызметтік қор (ре-
зерв) да көп болады.

    Артерия қанындағы О2 мөлшері. Спортшыларда дене
жаттығуларымен шұғылданбайтын адамдардағы сияқты кез келген
қуаттылықты аэробтық жүктеме кезінде артерия қанындағы оттегі
мөлшері тек төмендеп қоймай тыныштық күйіне қарағанда тіпті,
жоғары да болады. Мысалы, максималды қуаттылықты аэробтық
жұмыс кезінде ең бастысы оттегімен гемоглобиннің пайыздық
қанығуының төмендеуімен байланысты артерия қанындағы
оттегінің біраз төмендеуі (0,2 мл О2/100 мл қанға жуық) жұмыс
гемоконцентрациясы нәтижесінде гемоглобин (2,5 мл О2/100 мл
қанға) концентрациясының жоғарылауы есебінен артық мөлшермен
өтеледі.

    Төзімділікке жаттығатын спортшыларда спортпен
шұғылданбайтын адамдарға қарағанда эритроциттердегі 2,3-ДФГ
концентрациясы 15-20% жоғары болады. Осының арқасында төзімді
спортшылардың ұлпалық капиллярларында гемоглобинмен оттегінің
берілуі жеңілдетілген. Бұл қанның оттегі тасымалдау қызметінің
тиімділігін жоғарылатады.

           198

⇐ МАЗМҰНЫ
   193   194   195   196   197   198   199   200   201   202   203