Page 200 - indexf
P. 200

жүктемені орындау кезінде прогрессивті (ілгерілей) төмендейді. Кез
келген бірдей абсолютті аэробтық жүктеме кезінде спортшыларда
спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда артерия қанындағы
лактат концентрациясы төмен болады. Бұл төмендеуді бірнеше фак-
торлар анықтайды.

    Біріншіден, төзімді спортшыларда қаңқа бұлшық еттерінің
аэробтық потенциалы жоғары. Осының арқасында жаттықпаған
адамдарға қарағанда олардың бұлшық еттері сүт қышқылын аз
өндіреді, себебі энергия түзілудің жоғары дәрежеде аэробтық жолы
қолданады. Мұны бірдей жұмыс кезіндегі бұлшық еттердегі лактат
концентрациясының жаттықтырудан кейін төмендеуінен көруге бо-
лады.

    Екіншіден, спортшыларда оттегі тасымалдау жүйесі неғұрлым
тез бабына келеді. Ұзақ аэробтық жаттығу кезінде қандағы
лактаттың жоғары концентрациясы оттегі тапшылығымен байла-
нысты жұмыстың алғашқы минуттарында байқалатыны белгілі.
Жаттықпаған адамдармен салыстырғанда төзімді спортшыларда
қандағы лактат концентрациясының жоғарылауы жұмыстың бас
кезінде айтарлықтай азырақ болады.

    Үшіншіден, төзімділікке жаттығатын спортшылар бұлшық
еттерінде түзілген сүт қышқылын утилдеудің күшеюі байқалады.
Бұған барлық бұлшық ет талшықтарының жоғары аэробтық потен-
циалы және әсіресе, баяу бұлшық ет талшықтарының жоғары пайы-
зы, сонымен қатар жүректің ұлғайған салмағы әкеледі. Баяу бұлшық
ет талшықтары миокард сияқты сүт қышқылын энергиялық субстрат
ретінде белсенді қолдануға қабілетті. Бұдан басқа бірдей (оттегі
пайдалану тең болатын) аэробтық жүктеме кезінде жаттықпаған
адамдарға қарағанда спортшыларда бауыр арқылы қанның өтуі
жоғары болады. Бұл да бауырдың қаннан сүт қышқылын неғұрлым
қарқынды экстракциялауына және оның әрі қарай глюкоза мен гли-
когенге айналуына мүмкіндік туғызады (Кори циклі).

    Төртіншіден, спортшыларда спортпен шұғылданбайтын
адамдарға қарағанда ұлғайған қан айналымдағы қан көлемі көп
сұйылуы есебінен бұлшық еттен қанға түсетін лактат концентраци-
ясын төмендетеді.

    Сайып келгенде, төзімділікке жаттықтыру тек аэробтық
мүмкіндіктерді жоғарылатып қана қоймай (ОМП) және қандағы
сүт қышқылының айтарлықтай ұлғаюынсыз жүретін үлкен ұзақ

           200

⇐ МАЗМҰНЫ
   195   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205