Page 201 - indexf
P. 201

аэробтық жүктемені орындау қабілетін дамытады. Бұл салыстыр-
малы үлкен ұзақтықты жаттығуларға маманданған спортшыларда
төзімділікті жоғарылатудың маңызды механизмдерінің бірі.

    Соңғы жылдары сипатталған өзгерістердің жалпы көрсеткіші
ретінде лактацидемиялық анаэробтық табалдырықты (ЛАТ)
өлшеу, немесе артерия қанында 4 моль/л лактат концентрациясына
алғаш жететін (ЛАТ4), немесе артерия қанындағы лактат концентра-
циясын әрі қарай жоғарылату кезінде жылдам өсуінен басталатын
(ЛАТи) ең аз жүктемені анықтау кең қолданылады. Лактацидемиялық
анаэробтық табалдырық вентиляциялық анаэробтық табалдырыққа
(ВАТ) жуық. Анаэробтық табалдырықты басқаша анаэробтық алма-
су табалдырығы (АНАТ) деп атайды.

    Анаэробтық табалдырық организмнің аэробтық мүмкіндіктері-
нің көрсеткіші болып табылады: неғұрлым аэробтық мүмкіндіктері-
нің көрсеткіші көп болса, бұл табалдырық та соғұрлым жоғары
болады. ОМП мен бір жағынан ұзақ арақашықтықтағы спорт
нәтижелері, екінші жағынан, анаэробтық табалдырық арасында
тура тәуелділік бар. Әртүрлі мамандану өкілдерінде анаэробтық
табалдырық бірдей емес: ол ең жоғары төзімділікті жаттықтыратын
спортшыларда болады. Жоғары білікті төзімді спортшыларда ол
ОМП 70-80% аса оттегі пайдаланумен жүретін жүктемелер кезінде
ғана, ал жаттықпаған адамдарда ОМП 45-60% тең оттегі пайдала-
нумен жүретін жүктеме кезінде-ақ жетеді. Айтулы марафоншылар
анаэробтық табалдырықтан төмен деңгейде (қандағы лактат кон-
центрациясы 4 ммоль/л аз) олардың жеке-дара ОМП 80-85% сәйкес
келетін оттегі пайдалану жылдамдығымен арақашықтықты жүгіріп
өтеді.

    Оттегіні пайдалану ОМП деңгейінде және шекті ұзақтығы
бірнеше минутқа дейін болатын (1500 м-ге жүгіру, академиялық
есу, т.б.) салыстырмалы қысқа мерзімдік максималды аэроб-
ты жүктемені орындау кезінде іс басқаша белгілі жағдайда бола-
ды. Мұндай жаттығуларды орындау кезінде бұлшық еттік энергия
өндіруге анаэробтық гликогенолиз айтарлықтай үлес қосады, бұл
жұмыс атқарушы бұлшық еттерде сүт қышқылының көп мөлшерде
түзілуіне әкеледі. Спортшыларда спортпен шұғылданбайтын
адамдарға қарағанда максималды аэробтық жұмыс (критикалық
аэробтық қуаттылық) қуаттылығы айтарлықтай жоғары болады.
Осының салдарынан спортшыларда спортпен шұғылданбайтын

           201

⇐ МАЗМҰНЫ
   196   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206