Page 203 - indexf
P. 203

Қан глюкозасы. Спортшылар мен спортпен шұғылданбайтын
адамдарда тыныштық күйде қандағы глюкоза концентра-
циясы бірдей. Салыстырмалы қысқа мерзімдік төзімділікке
жаттығулар кезінде тыныштық деңгейіне қатысты ұлғаю тенден-
циясы байқалады, ал ұзақ жаттығулар кезінде біртіндеп төмендеу
(тыныштық күйде 80-100 мг%-дан 50-60 мг%-ға дейін) көрініс
береді. Төзімділікке жаттықтыру нәтижесінде қандағы глюкоза
концентрациясының мұндай төмендеуі азая бастайды, кешірек пай-
да болады және қандағы глюкоза мөлшерінің төмендеуі (гипогли-
кемия) кезіндегі жұмыс кезеңі неғұрлым ұзарады. Жоғары білікті
спортшыларда тіпті, марафондық жүгіруден кейін де қандағы глю-
коза концентрациясының төмендеуі байқалмайды.

    Қорытындылай келе, жаттықтыру үдерісінде жүретін және
төзімділіктің жоғарылауына әкелетін қандағы негізгі өзгерістер:

    1) қан айналымдағы қан көлемінің ұлғаюына (көп мөлшерде
эритроциттерге қарағанда плазманың жалпы көлемінің жоғарылауы
есебінен, яғни гематокрит төмендеуінен);

    2) максималды емес аэробтық жүктеме кезінде жұмыс
лактацидемиясының (және сәйкесінше ацидемия) төмендеуіне (жал-
пы түрде мұны анаэробтық табалдырықтың жоғарылауы ретінде
анықтауға болады);

    3) максималды аэробтық жүктемелер кезінде жұмыс
лактацидемиясының (және сәйкесінше ацидемия) жоғарылауына
келіп тіреледі.

Жүрек-тамыр немесе қан айналу жүйесі

    Барлық дені сау адамдардағы сияқты спортшыларда сыртқы ты-
ныс алу оттегіні пайдалану жылдамдығын лимиттемейді, оттегі та-
сымалдау мүмкіндіктері негізінен қан айналу мүмкіндіктерімен, ең
алдымен, жүректің тамырлар бойымен қанның көп мөлшерін айдау
қабілетімен анықталады. Осылайша қаннан оттегі алатын жұмысшы
бұлшық еттер және альвеолалық ауадан оттегі қапсырылатын өкпе
арқылы қанайналымның жоғары көлемді жылдамдығы қамтамасыз
етіледі.

    Жүрек жұмысы көрсеткіштері. Фик теңдеуіне сәйкес оттегі
пайдалану (О2П) жүректің минуттық қан көлеміне және оттегі бо-

           203

⇐ МАЗМҰНЫ
   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208