Page 204 - indexf
P. 204

йынша артерия-веналық айырмасына (АВА-О2) тура тәуелділікте
болады: О2П=МҚКхАВА – О2. Өз кезегінде жүректің минуттық қан
көлемі систолалық қан көлемінің (СҚК) жүректің жиырылу жиілігіне
(ЖЖЖ) көбейтіндісі ретінде анықталады: МҚК=СҚКхЖЖЖ.

    10-кестеде төзімділікке жаттыққан спортшылар мен жаттықпа-
ған ер адамдардың оттегі тасымалдау жүйесінің осы негізгі
функциялық көрсеткіштерінің орташа мәліметтері көрсетілген.

    Осы мәліметтер бойынша жоғары білікті спортшылардың
үлкен аэробтық мүмкіндіктері (ОМП) негізінен систола кезінде
қарыншаның әр жиырылуы кезінде шыққан қан мөлшерінің, яғни
жүректің систолалық қан көлемінің (СҚК) артуы есебінен жететін
жүректің минуттық қан көлемінің көп болуын қамтамасыз етуге
қабілетті жүректің жоғары қызметімен анықталады.

    Тыныштық күйде жүректің жиырылу жиілігі спортшыларда
(50-55 екп/мин) жаттықпаған адамдармен салыстырғанда төмен
болады. Экстра класс өкілдері спортшыларында (шаңғышы-
жарыскерлерде, веложарыскерлерде, марафоншы желаяқтарда)
ЖЖЖ минутына 30-35 рет болады. ЖЖЖ жас, жыныс, қоршаған орта
жағдайлары, дене қалпы сияқты көптеген факторларға байланысты
(11-кесте). Дене жүктемесі жүректің минуттық қан көлемінің арту-
ын қамтамасыз етілуіне қажетті ЖЖЖ жоғарылауына әкеледі. Бұл
көрсеткіш жүктеме тестілерін жүргізудегі маңызды көрсеткіштердің
бірі ретінде қолданылады. ЖЖЖ мен жұмыс қарқындылығы ара-
сында сызықтық тәуелділік байқалады (50-сурет).

    Тыныштық күйде жаттыққан спортшыларда оттегі пайдала-
ну жылдамдығы, жүректің минуттық қан көлемі және АВА-О2
мәні бойынша жаттықпаған адамдардың осы көрсеткіштерінен
ерекшеленбейді. Бірдей минуттық қан көлемі кезінде төзімділікті
жаттықтыратын спортшыларда спортпен айналыспайтын не-
месе жылдамдықты-күштік спорт түрлерімен шұғылданатын
спортшыларға қарағанда ЖЖЖ 10-20 екп/мин. төмен болады.

    ЖЖЖ төмендеуі (брадикардия) төзімділікке жаттығудың ар-
найы әсері болып табылады (ЖЖЖ тыныштық күйде 30 екп/мин,
«рекордтық» ЖЖЖ тыныштықта 21 екп/мин. төмен болуы мүмкін).
Тыныштық күйдегі брадикардия дәрежесі ұзақ қашықтыққа
жүгірудегі (стайер) спорттық дәрежелермен және ОМП-мен
өзара жақсы байланысады (корреляция): тыныштық күйде ЖЖЖ
неғұрлым төмен болған кезде орта есеппен, ОМП және спорттық
нәтиже жоғары болады.

                                      204

⇐ МАЗМҰНЫ
   199   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209