Page 205 - indexf
P. 205

10-кесте
Жаттықпаған ер адамдар мен төзімділікті жаттықтыратын

  орташа және жоғары білікті спортшылардың тыныштық
  күйде және максималды аэробтық жүктеме кезінде оттегі
 тасымалдау жүйесінің негізгі функциялық көрсеткіштерінің

                            орташа мәліметтері

Жүктеме                   ЖЖЖ, СК, мл/  МҚК х АВА-О2 =
                          екп/мин екп   (л/минО)(2мПлО2/л)

Тыныштық     Жаттықпаған  70   70          (млО2/мин)
   күйде:       адамдар   55   90          5 х 50 = 250
                          50   100
              Жаттыққан   200  120         5 х 50 = 250
                адамдар
                                           5 х 50 = 250
                Айтулы
             спортшылар                  24 х 140 = 3400

             Жаттықпаған
                адамдар

Максималды   Жаттыққан    195  150      30 х 150 = 4500
   жұмыс       адамдар    190  190      36 х 155 = 5600
   кезінде:
                Айтулы
             спортшылар

    ЖЖЖ төмендеуі жүрек жұмысының үнемділігін жоғарылатады,
демек, оның энергиялық сұраныстары, қанмен жабдықталуы және
оттегі пайдалануы ЖЖЖ жоғары болған сайын соғұрлым ұлғаяды.

    Сондықтан сондай бірдей жүректің минуттық қан көлемі кезінде
(тыныштық күйде және бұлшық ет жұмысы кезіндегі сияқты)
жаттыққан спортшыларда жаттықпаған адамдарға қарағанда, жүрек
жұмысының тиімділігі жоғары болып келеді.

    Тыныштық күйдегі спорттық брадикардия механизмдері сан ал-
уан. Жүрекке парасимпатикалық (вагус-кезеген) тежеуші ықпалдың
күшеюі (парасимпатикалық тонустың жоғарылауы) негізгі рөл
атқарады.

    Қоздырушы симпатикалық ықпалдың әлсіреуінің, бүйрек үсті
безінің қыртысты қабатынан катехоламиндер (адреналин мен нора-
дреналин) бөлінуі азаюының және осы симпатикалық медиаторларға
жүрек сезімталдығы төмендеуінің өзіндік белгілі бір маңызы бар.

                          205

⇐ МАЗМҰНЫ
   200   201   202   203   204   205   206   207   208   209   210