Page 202 - indexf
P. 202

адамдарға қарағанда ОМП деңгейіндегі жұмыс кезіндегі қандағы
лактат концентрациясы (сәйкесінше, 140 және 90 мг% немесе 15
және 10 ммоль/л жуық) жоғары. Мұндай жаттығуларда нәтиже
неғұрлым жоғары болған сайын, яғни спортшы арақашықтықта
ұстап тұра алатын максималды аэробтық қуаттылық жоғары болған
сайын соғұрлым арақашықтық мәресінде қандағы лактат концентра-
циясы жоғары болады.

    Қанның қышқылдық-сілтілік тепе-теңдігі. Қандағы сутек
иондарының концентрациясы (рН) ең көп дәрежеде ондағы сүт
қышқылының мөлшеріне, сонымен қатар СО2 парциалдық кернеуіне
және қанның буферлік мүмкіндігіне тәуелді келеді. Тыныштық күйде
спортшылар артериялық қанындағы рН спортпен шұғылданбайтын
адамдармен бірдей болады. Бұлшық ет жұмысы кезінде ол сүт
қышқылының концентрациясымен анықталатындықтан қан лакта-
тына қатысты жаттықтыру әсері туралы сөз болған жағдайлар рН
үшін де тән. Төзімділікке жаттығатын спортшыларда рН төмендеуі
неғұрлым айтарлықтай жүктемелер кезінде жүреді және жаттықпа-
ған адамдарға қарағанда аз болады. Осымен қатар спортшылар-
да спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда максималды
аэробтық жүктеме кезінде рН төмендеуі көп орын алады. Шекті
жағдайларда жоғары білікті спортшыларда артериялық қандағы рН
7,0-ге дейін және тіпті, одан да (әсіресе, көбіне ескек есушілерде)
төменге түсуі мүмкін.

    Қанның буферлік қосылыстары оның қышқылдық-сілтілік тепе-
теңдігін реттеудегі маңызды механизмі болып табылады. Тыныштық
күйде қандағы стандартты бикарбонат мөлшері орта есеппен спорт-
шыларда жаттықпаған адамдардағы сияқты (сәйкесінше, 24,3
және 24,4 мэкв/л) болады. Дегенмен оның төмендеуі спортшы-
ларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда неғұрлым
елеулі жүктемелер кезінде жүреді. Бұл ең алдымен, қандағы лактат
концентрациясы өзгерісіндегі сипатталған айырмашылықтармен
түсіндіріледі: спортшыларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға
қарағанда лактацидемия дәрежесі төмен болады.

    Артерия қанындағы СО2 парциалдық кернеуі өте үлкен
жүктемелер кезінде біршама төмендейді. Мұнда спортшыларда
тыныс алудың неғұрлым жетілген реттелуімен байланысты олар-
да спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда біраз азырақ

төмендейді.

           202

⇐ МАЗМҰНЫ
   197   198   199   200   201   202   203   204   205   206   207