Page 285 - indexf
P. 285

Жылу балансы. Дене температурасы тұрақты болу үшін
жылу шығару сыртқы ортадан немесе метаболизмдік жылу
өндіру нәтижесінде келетін мөлшерге тең болу қажет. Егер
жылудың берілуіне қарағанда келуі көп болса, жылу жинақталып
температураның жоғарылауын, яғни гипертермияны тудырады.

    Гипертермия – термобейтарап жағдайда тыныштық күй үшін ор-
таша түрлік арнайы қалыптан (нормадан) бір стандарттық ауытқудан
асатын дене температурасының жоғарылауымен жүретін жылу
шығарудың жеткіліксіздігі есебінен организмде жылудың аккуму-
ляциялануы (шоғырлануы). Дене жұмысы кезіндегі жылу өндірудің
жоғарылауы жұмыс гипертермиясы дами отырып, жылу реттелудің
қайта құрылуымен қатар жүреді.

    Жылу сыртқы орта жағдайларына байланысты сәуле шығару,
жылу өткізгіштік және конвекция жолдарымен берілуі және
шығарылуы мүмкін. Жылу әрқашан организмде жүретін химиялық
реакциялардың жанама (қосымша) өнімі ретінде түзіледі.

    Температурасы абсолюттік нөлден (-27°С) жоғары барлық заттар
энергияны сәулелену жолымен шағылыстырады (сейілдіреді) неме-
се қайтарады. Сәуле шығару электрлік магниттік тоқындар түрінде
жүреді. Жылу шығарудың радиациялық жолы жылудың инфрақызыл
сәулелерін қызған дененің бетімен жан-жаққа сейілдіру арқылы
тіршілікке бірден-бір қолайлы (қажетті) температураға (18-20°С)
сәйкес бөлінетін жылудың 66%-ы сыртқа шығады.

    Беткейдің сәуле шығару қабілеті сәуле шығарушы ретінде оның
қасиеттерімен байланысты. Сәулелік энергияны сіңіретін және
мүлдем шағылыстырмайтын беткей 1-ге тең болатын максималды
сәуле шығару қабілеттілігіне ие. Егер беткей барлық сәулелік энер-
гияны шағылыстырса, оның сәуле шығару қабілеттілігі 0-ге тең бо-
лады.

    Көбіне, заттар толығымен бір ұзындықтағы толқындарды
сіңіреді және сонымен қатар басқа ұзындықтағы толқындарды күшті
шағылыстырады. Мәселен, адамның ақ түсті терісі сияқты пигментті
терісі де күннің барлығына дерлік инфрақызыл сәулелерін сіңіреді.

    Бір заттан екіншісіне олардың беткейлерінің жанасуы кезінде
жылудың көшуі жылу өткізгіштік деп аталады. Денеге тиген
заттарға жылу беруде жылу неғұрлым жылы заттан неғұрлым суық
затқа жылу градиенті бойынша орын ауыстырады. «Жылы» немесе

                                      285

⇐ МАЗМҰНЫ
   280   281   282   283   284   285   286   287   288   289   290