Page 284 - indexf
P. 284

тыр бұлшық ет терең қабаттары 33°С, табан орталығында тек 27-
28°С-қа жетсе, ал ректалды температура шамамен, 37°С-қа тең
(H. Hensel et al., 1973). Өзгермелі сыртқы орта жағдайларына дене
температурасының өзгерістері айтарлықтай жоғары дәрежеде дене
беткейіне жақын жерлерде және аяқ, қол басында (акралды зоналар-
да) көрінеді.

    56-суретте көрсетілген изотермалар қоршаған ортаның төмен
және жоғары температура жағдайларындағы адам денесіндегі
температуралық градиенттерді сипаттайды.

    Ішкі дене температурасының өзі тұрақты болып табылмай-
ды. Тіпті, термобейтарап жағдайларда ішкі аймақтарда темпера-
тура айырмашылығы 0,2-1,2°С, мида орталықтан сыртқы бөлімге
дейін 1°С-тан жоғары радиалды температуралық градиент бо-
лады. Неғұрлым жоғары температура тік ішекте байқалады (H.
Hensel, 1981). Адам денесіндегі әртүрлі мүшелер мен олардың жеке
бөліктерінің температурасы зат алмасу деңгейіне байланысты да
өзгереді. Мысалы, бауырда 37,8-38°С, тері сыртында 29,5-33,9°С,
қолтықта 36,0-36,9°С.

  56-сурет. Дене температурасы тұрақтылығына әкелетін жылудың келуі
  мен шығарылуын күшейтетін факторлар арасындағы тепе-теңдік. Егер
   бұл тепе-теңдік болмаса, дене температурасы өзгереді (В. М. Смирнов

                                          бойынша)

                                      284

⇐ МАЗМҰНЫ
   279   280   281   282   283   284   285   286   287   288   289