Page 280 - indexf
P. 280

ІХ тарау
               Қоршаған ортаның ерекше
    жағдайларындағы спорттық жұмысқа
  қабілеттіліктің физиологиялық негіздері

                      Жылу реттелуі. Жылу балансы
    «Микроклимат және спортшылар денсаулығы» қазіргі спорттық
медицинаның маңызды мәселелерінің бірі. Жоғары білікті спорт-
шыларды даярлауда сыртқы қоршаған орта факторларының адам
организмінің жұмыс қабілеттілігіне әсері мен биоырғақты ескеру
қажет. Мәселен, американдық ғалымдар Чикаго марафоншылары
нәтижелеріне талдау жүргізу барысында оның қоршаған орта темпе-
ратурасымен және уақытпен тікелей байланысты екендігі көрінген
(55-сурет). Бұл спорт түрінде сыртқы орта температурасының
өнімділік пен зат алмасуға ықпалы термодинамикалық
құбылыстармен айтарлықтай тәуелділікте болады.

55-сурет. Чикаго марафоншылары нәтижелеріне (2001 және 2008 жылдар)
  қоршаған орта мен уақыт көрсеткіштерінің ықпалы (Geoffroy Berthelot,
     Adrien Sedeaud, Marion Gluillame, Jean-FrancoisToussaint. Scientific
                                      American, 2013)

                                      280

⇐ МАЗМҰНЫ
   275   276   277   278   279   280   281   282   283   284   285