Page 281 - indexf
P. 281

Адам мен жануарлар денесінің тұрақты температурасы (изотер-
мия) ішкі орта тұрақтылығы (гомеостазистің) негізгі көрсеткіштері-
нің бірі. Тіршілік бабында адам ауа райы қанша құбылмалы болса
да төтеп береді. Қоршаған орта температурасына тәуелсіз адамның
дене температурасы тұрақты болады. Қалыпты дене температурасы
36,6°-37,0ºС, ол көптеген ферментативтік реакциялар, ұлпалардың
физика-химиялық қасиеттері (тұтқырлығы, беттік керілу, коллоидтар
ісінуі), өткізгіштік, қозу, сіңіру, бөліп шығару, т.б. физиологиялық
үдерістер үшін қолайлы болып табылады.

    Жылу реттелу – қоршаған орта температурасы мен ішкі жылу
түзілу деңгейінің өзгерісі кезінде дене температурасын белгілі бір
шектеулі диапазонда ұстап тұру. Яғни жылу реттелу дегеніміз –
сыртқы температура өзгерсе де дененің ішкі, өз температурасының
қалыпты тұрақты күйінде сақталуы.

    Организмнің температуралық гомеостазын қолдайтын жылу
өндіру және жылу берілу үдерісін термореттелу деп атайды. Тем-
пература оптимумы тыныштық күйде 37°С, қарқынды бұлшық ет
жұмысында 39°С құрайды. Гомойотермді (жылықанды) организм-
дерде физиологиялық мағынада:

    1. «ядросы» (температурасы тұрақты ішкі құрылымдар, мәселен,
ми мен ішкі мүшелер);

    2. оны қоршап тұратын «қабығы» деп екі бөлімді ажыратады.
    Дене температурасы деп дене ядросының температурасын ұғады.
Ең қарапайым жолмен дене температурасы қолтық астынан, ауыз
қуысынан өлшенеді. Бұл жерлерде дене температурасы дене ядросы
температурасынан 0,5°С-1,5°С төмен. Адам суық суда немесе суық
ауада жалаңаш болса, оның денесінің ядро температурасы 35°С дейін
төмендеуі мүмкін. Орташа ядро температурасының төмендеуін дене
гипотермиясы деп, ал жоғарылауын дене гипертермиясы деп атайды.
Ядро температурасының тұрақтылығы дене қабықшасына тәуелді.
Қалыпты жағдайда адамның температурасы тұрақты: қолтықта ор-
таша 36,5°С-36,9°С, тік ішекте (ректалды) 37,2°С-37,5°С болады.
Ішкі мүшелердің температурасы 38°С-38,5°С-қа тең болады.
    Автономды жылу реттелу ішкі және сыртқы орта
температурасының жоғарылауына немесе төмендеуіне белгілі бір
жауап реакцияларымен қамтамасыз етіледі және жылу өндіру мен
жылу шығару үдерістерін басқарудан тұрады (перифериялық және
вазомоторлық тонус өзгерісі, тер бөліну, термиялық тахипноэ,

           281

⇐ МАЗМҰНЫ
   276   277   278   279   280   281   282   283   284   285   286