Page 287 - indexf
P. 287

Ауа температурасы мен ылғалдылығының спорттық жұмысқа
                            қабілеттілікке ықпалы

    Ұзақ уақыт (мысалы, марафондық жүгіру) және күш салу-
ды қажет ететін спорттық жүктемелер кезінде жұмыс атқаратын
бұлшық еттердегі жылу өндіру негізгі алмасу жылу өндірілуінен
15-20 есе асады. Бұлшық еттердегі барлық түзілген жылу алдымен
қанға беріліп, қан арқылы дене температурасын 39-40°С және одан
да жоғарылата отырып (жұмыс гипертермиясы), дене ядросына та-
сымалданады. Мұндай жағдайларда организмнің жылу реттелуі
жылу шығарудың күшеюіне бағытталған, яғни дене беткейіндегі
жылудың артығы тері тамырлары торларында қан айналуды күшейту
жолымен тасымалданады. Одан жылу ең бастысы тердің булануы
есебінен қоршаған ортаға беріледі.

    Қоршаған ауаның жоғары температурасы мен ылғалдылығы
дененің қызып кету қатерін тудыра отырып, жылу шығаруды елеулі
қиындатады. Неғұрлым сыртқы температура жоғары болған сайын,
соғұрлым дене температурасы көп көтеріледі. Ыстық және ылғалды
күндері марафоншының дене температурасы 41°С-қа жетуі мүмкін.
Тер булануының күшеюі дененің су балансының бұзылуына,
яғни дегидратацияға әкеледі. Соның салдарынан жүрек-тамыр
жүйесіне көп күш түседі. Сондықтан мұндай жағдайларда спорттық
жұмыс қабілеттілік төмендейді және организмнің қызып кетуі –
жылылық соққы қаупі туындайды.

    Жоғары ауаның температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
спорттық жұмыс қабілеттіліктің төмендеуін:

    1)	Дененің қызып кетуі;
    2)	Жылдам дегидратация;
    3)	Жүрек-тамыр жүйесінің оттегі тасымалдау мүмкіндігінің
төмендеуі сияқты үш негізгі факторлар анықтайды.

  Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
             жылу шығарудың физикалық механизмдері

    Тыныштық күйде және бұлшық ет әрекеті кезінде де қоршаған
ортаға денеден жылу шығарудың түрлі жолдарының маңызы бірдей
емес және сыртқы ортаның физикалық факторларына байланысты
өзгеріп отырады.

                                      287

⇐ МАЗМҰНЫ
   282   283   284   285   286   287   288   289   290   291   292