Page 289 - indexf
P. 289

лану жолымен жылудың жоғалуына кедергі келтіреді. Ұзақ уақыт
және күш сала орындалатын спорттық әрекеттер кезінде ауа тем-
пературасы мен ылғалдылығының бір мезгілде жоғарылауы дене
температурасының шектен тыс жоғарылауына әкеледі.

Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында
  жылу шығару күшеюінің физиологиялық механизмдері

    Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы жағдайында жылу
шығарудың күшеюі екі негізгі физиологиялық механизмдермен: тер
бездерін сумен қамтылуын қамтамасыз ететін дене беткейіне ішкі
жылудың көшірілуін арттыратын тері қан айналымының күшеюімен
және тер түзілудің күшеюімен жүзеге асырылады.

    Тері қан айналымы және тері температурасы. Сыртқы
ортаның қолайлы жағдайлары кезінде ересек адамның тері қан ай-
налымы тыныштық күйде 0,16 л/м²/ мин-қа жуық, жұмыс кезінде
1 л/м²/мин-қа дейін, ал өте жоғары сыртқы температура кезінде
2,6 л/м²/мин-қа жетуі мүмкін. Бұл өте ыстық жағдайларда дененің
қызып кетуінің алдын алу үшін жүректің минуттық қан көлемінің
20%-ға дейін тері тамырлары торларына бағытталатындығын
көрсетеді. Қолайлы жағдайда осындай жұмыс кезінде жүректің
минуттық қан көлемінің осы үлесі тек 5%-ға жетеді. Жүктеме
қуаттылығы тері температурасына ықпал ете қоймайды. Тұрғын
жайда велоэргометрде жұмыс кезіндегі терінің орташа температу-
расы сыртқы температураның сызықтық қызметі (5°С-тан 35°С-қа
дейін шамада).

    Дене жүктемесі ықпалынан ішкі температура жоғарылайды, ал
орташа тері температурасы жұмыстың әсерінен тердің бөлінуі
мен булануы салдарынан төмендейді (57-сурет). Субмаксимал-
ды жұмыс кезінде ішкі температураның жоғарылау дәрежесі тер
бөліну жүрмейінше кең диапазон (15-35°С) шегіндегі қоршаған
температураға тәуелді болмайды (M.Scurpiri et al, 1972). Сусызда-
ну (кеберсіну) ішкі температураның көтерілуіне әкеліп, осылайша
жұмысқа қабілеттілікті лимиттейді. Марафоншыда жүгіру кезінде
ректалды температура 39-40°С, ал кейбір жағдайларда 41°С-қа да
жетуі мүмкін (M. B. Maron et al., 1977).

    Тері температурасы тері қан айналымы көлемімен сызықтық

           289

⇐ МАЗМҰНЫ
   284   285   286   287   288   289   290   291   292   293   294