Page 283 - indexf
P. 283

ланс ОЖЖ арқылы сақталады. Және жылу реттелу үдерісінде
ОЖЖ бақылауында болатын эндокриндік жүйе үлкен рөл атқарады.
Мысалы, қалқанша безі гормондары зат алмасу қарқындылығын
жоғарылатады, сәйкесінше, жылу түзілуді күшейтеді, ал бүйрек үсті
безі гормондары тотығу үдерістерін күшейтеді, тері тамырларын та-
рылтады, жылу шығаруды төмендетеді.

    Дене температурасы сыртқы орта жағдайымен қатар оның дене
белсенділігі күйіне де байланысты. Тыныштық күйде дене темпе-
ратурасы 37°С жуық болады, дегенмен тәулік барысында (ұйқы
кезінде барынша төмендейді) өзгереді. Бұлшық ет жұмысы кезінде
жылу өндірудің күшеюі салдарынан дене температурасы бірнеше
градусқа жоғарылайды.

    Температура дененің барлық бөлімінде бірдей емес және ішкі
температураның таратылуы түрлі ұлпалардың күрделі қызметі бо-
лып табылады, қан айналымы нәтижесінде жылудың тасымалдануы
және жергілікті температуралық градиенттерге байланысты. Егер
бұлшық ет жұмысын есептемесе, метаболизмдік жылу өндірудің
көп бөлігі ішкі мүшелерде, сонымен қатар мида жүреді. Дененің
терең аймақтарында түзілген жылу немесе ішкі жылу дененің
беткейіне өтуге тиіс. Перифериялық (шеткі) температура дененің
терең аймақтарынан тасымалданған жылумен және ауа температура-
сымен анықталады. Сәйкесінше, дене ішкі, салыстырмалы тұрақты
температураға және организмнің энергиялық балансына байланы-
сты өте құбылмалы қабықшадан тұратын оқшаулайтын қабатқа ие
деп есептеуге болады. Суық ортада периферияға қан келуі баяулай-
ды және бұл перифериялық температураның төмендеуін тудырады.
Қоршаған ортаның жоғары температурасы кезінде жылу шығару
қиындайды және ішкі температура дененің барлығына дерлік
бөлімдеріне таратылуы мүмкін.

    Қалыпта (яғни тепе-теңдік жағдайында) организмде өндірілген
жылу қоршаған кеңістікке дене беткейімен беріледі.

    Аяқ-қолда бойлай тігінен (осьтік) температуралық градиент, со-
нымен қатар радиалды (перпендикулярлық беткей) температуралық
градиент болады. Дененің геометриялық формасының дұрыс
еместігіне орай дене температурасының кеңістіктік таратылуы
күрделі үш өлшемді қызметпен сипатталады. Мысалы, жеңіл
киінген ересек адам ауа температурасы 20°С мекен жайда болғанда
санның терең бұлшық ет бөлімінің температурасы 35°С-қа, бал-

           283

⇐ МАЗМҰНЫ
   278   279   280   281   282   283   284   285   286   287   288