Page 282 - indexf
P. 282

суықтық дірілдеу). Автономды жылу реттеуші реакциялар сананың
қатысуынсыз жүзеге асырылады және үлкен ми сыңарларын алып
тастаған жағдайларда да бұзылмайды.

    Сыртқы орта температурасы қаншама құбылмалы болса да (Жер-
де арктикалық қыс кезінде температура -50°С, кейбір шөлдерде жаз-
да +60°С-қа дейін болады) адам денесі температурасы өзгермейді.
Дене температурасының мұндай тұрақтылығы жылу пайда болуы,
оның сыртқа шығуы сияқты үдерістерге қатысатын бірқатар мүшелер
мен мүшелер жүйелері қызметінің жүйке-қан арқылы реттелуіне
байланысты. Олардың бір-бірімен байланысы өте нәзік, үйлесімді,
сондықтан да температурасы бірқалыпты сақталады, яғни денедегі
жылу реттеледі. Адам организмінде жылу өндіру мен оның сыртқа
шығарылуы үздіксіз жүріп отырады. Мұнда энергия үнемі қандай да
бір жұмысқа жұмсалады және жылу өндіру оның салдары (нақтырақ
айтқанда оны қамтамасыз ететін химиялық реакциялардың салдары)
болып табылады. Тыныштық күйде адамда жылудың 70%-ы ішкі
мүшелермен, ал 30%-ы бұлшық ет арқылы өндіріледі. Дене жұмысы
(жаттықтыру) кезінде жылу түзілу бірнеше есеге артады және бұл
үдерісте бұлшық ет жұмысының үлесі мол. Жылу өндіру ең бастысы
бұлшық ет жұмысы қарқындылығына байланысты.

    Адамның қалыпты тіршілік әрекеті белгілі бір бірнеше гра-
дус температура диапазоны аралығында мүмкін болады. Дене
температурасының 36°С-тан төмендеуі және 40-41°С-тан
жоғарылауы қауіпті және организм үшін ауыр зардап тарттырады.
Көбіне, ұлпалардың тоңуы кезінде түзілген кристалдардың әсерінен
нәзік жасушалық құрылымдардың бұзылатыны байқалған. Темпе-
ратура 45°С-тан жоғары болғанда белоктар денатурациясы жүреді.
Белоктар барлық реттеуші қызметтерге аса жауапты болғандықтан
олардың құрылымдық және функциялық тұтастығының өмірлік
қажеттілігі зор. Температура тірі ұлпалардың метаболизміне
күшті ықпал етеді, өйткені биохимиялық реакциялар жылдамдығы
қоршаған орта температурасына байланысты және көбіне, ол
температураәр 10°С жоғарылаған сайын 2-3 есеге артады.

    Жылу реттелу жылу түзілудің күшеюі (немесе әлсіреуі) есебінен
немесе жылу шығару қарқындылығының өзгерісімен жүзеге асыры-
лады. Организмде жылу шығару сәуле шығару, жылу өткізу, судың
булануы арқылы жүреді.

    Жылу түзілуі мен оның шығарылуы арасындағы қажетті ба-

           282

⇐ МАЗМҰНЫ
   277   278   279   280   281   282   283   284   285   286   287