Page 286 - indexf
P. 286

«суық» затқа жанасуды сезіну жылудың өту жолымен оның қозғалыс
бағытымен байланысты.

    Жақсы өткізгіштерге күміс, мыс сияқты металдар, ал нашар
өткізгіштерге газдар жатады. Биологиялық ұлпалар мөлшермен су
сияқты изолятор болады, май бұл жағынан алғанда бұлшық ет неме-
се сүйек ұлпаларынан 2 есеге тиімдірек келеді. Май қабаты болмаса,
тері температурасы ішкі дене температурасына (37°С) жуық және
жылу жоғалу 10 есеге көп болушы еді.

    Сұйық және газ тәрізді ортамен қоршалған заттан жылудың та-
сымалдануы конвекция арқылы жүреді. Жылу ағымы неғұрлым жы-
лыдан неғұрлым суық учаскелерге қарай жүреді. Егер ауа темпера-
турасы дене температурасынан жоғары болса, жылу денеге беріледі.
Бұл жолмен пайда болатын барлық жылудың 15%-ы кетеді.

    Егер денені қоршаған ауа қозғалыссыз болған жағдайда теріден
шыққан жылы ауа қоршаған ауаға өтіп, молекула сияқты энергияны
да тасымалдайды. Мұндай үдеріс бос конвекция деп аталады.

    Егер қоршаған ауа қозғалыста болса, онда мұндай үдеріс мәжбүр
конвекция деп аталады. Күшті жел кезінде ауа суығырақ болып
сезіледі.

    Дене беткейінен судың булануы кезінде ол сұйықтықтың газ
тәрізді күйге көшуге энергия жұмсауы салдарынан салқындайды.
Тері мен өкпе арқылы жылу шығару жолымен сыртқы жылудың
(бу арқылы шығатын жасырын жылудың) 19%-ы шығады. Буланған
судың (тердің) әр граммына мөлшермен 0,59 Вт/сағ. кетеді (1 мл
суды буға айналдыру үшін 0,53 ккал жылу жұмсалады). Қоршаған
ортаның кез келген жағдайында су дене беткейінен толассыз була-
нады және жылу шығарудың маңызды механизмін құрайды. Судың
жоғалу көлемі қоршаған орта факторларына, әсіресе, ауа температу-
расы мен ылғалдылығына байланысты.

    Егер ауа су буымен қаныққан болса (100% салыстырмалы
ылғалдылық), тері беткейінен булану болмайды. Буланудың жоғары
ауа температурасы кезінде аса үлкен мәні бар. Өйткені дене темпе-
ратурасына (немесе дәлірек тері температурасына) тең ауа темпе-
ратурасы кезінде жылу шығарудың кәдімгі механизмдерінің (сәуле
шығару, жылу өткізгіштік, конвекция) ешқайсысы қызмет етпейді.

           286

⇐ МАЗМҰНЫ
   281   282   283   284   285   286   287   288   289   290   291