Page 291 - indexf
P. 291

жылудың жоғалуы үшін жағдайды онан әрі неғұрлым жеңілдететін
«ядро-тері» мен «тері-қоршаған орта» температуралық градиенттері
артады. Жоғары ауа температурасы кезінде оның қосымша
қозғалыстары жұмыс гипертермиясын қалыпты етеді. Ауаның
күшейген конвекциясы арқасында велосипед тепкен кезде жүгіруге
қарағанда орташа тері температурасы айтарлықтай төмен, ал жылу
шығару жоғары болады.

    Тер түзілуі және тер бөлінуі. Адамда жылу шығару, ең бастысы
тыныс алу жиілеуі жолымен емес, тер бөліну есебінен жүреді. Тер
бөліну жолымен булану энергияның көп шығындалуымен байланыс-
ты емес. Дегенмен, ұзақ көп тер бөліну сусыздануға (кеберсінуге)
және тұздардың жоғалуына әкеліп, электролиттер балансын бұзады.
Баланстың қалпына келтірілуіне тұз және микроэлементтерді пайда-
лану қажет етіледі.

    Адам терісінде қызметі симпатикалық жүйке жүйесімен
реттелетін 2 млн астам тер бездері бар. Олар терінің жергілікті
температурасына да және ми орталықтары облыстары темпера-
турасына да сезімтал келеді. Тер бөліну ішкі және перифериялық
температуралардың жоғарылауы кезінде максималды болады.

    Тер түзілуі және тер бөлінуі жылдамдығы көптеген факторларға
байланысты. Олардың ішінде ең бастылары энергия өндірілу
жылдамдығы мен қоршаған ортаның физикалық жағдайлары (ауа
температурасы мен ылғалдылығы) болып табылады. Егер сол
бір дене жүктемесі түрліше сыртқы температура (өте төмен және
өте жоғары температураны есептемегенде) кезінде орындалса,
дененің ішкі температурасы бірдей болып тұрады, ал тер бөліну
орташа тері температурасының сызықтық қызметі ретінде артады.
Керісінше, тұрақты сыртқы температура кезінде орташа тері темпе-
ратурасы тұрақты, ал тер бөліну жылдамдығы өз кезегінде жүктеме
қуаттылығы қызметі болып табылатын дененің ішкі температура-
сымен сызықтық байланысты болады. Сәйкесінше, неғұрлым орын-
далатын жұмыс қуаттылығы көп болса, соғұрлым сол орташа тері
температурасы кезінде тер бөліну жылдамдығы жоғары болады.
Сайып келгенде, тер бөліну жылдамдығы ішкі дене температурасы-
на сияқты және оның қабық температурасына тәуелді болады.

    Жоғары ауа ылғалдылығы тіпті, салыстырмалы төмен ауа тем-
пературасы кезінде де тер булануын қиындатады: тиімді тер булану-
ынсыз тер түзілу күшейеді. Тыныштық күйде 43°С ауа температура-

           291

⇐ МАЗМҰНЫ
   286   287   288   289   290   291   292   293   294   295   296