Page 292 - indexf
P. 292

сы кезінде егер ауа ылғалдылығы 30-дан 84%-ға дейін жоғарыласа,
тер секрециясы 3 еседен көбірек артады. Ауыр емес жұмыс кезінде
ауа ылғалдылығының 30-дан 57%-ға дейін жоғарылауы тер түзілу
жылдамдығын 2 есеге арттырады.

    Қарқынды спорттық әрекет кезінде тер бөліну жылдамдығы
өте жоғары болады. Мысалы, ауа ылғалдылығы салыстырмалы аз
жағдайда марафондық жүгіру кезінде жаттыққан спортшының тер
бөліну жылдамдығы 20-25 мл/мин-қа (1200-1500 мл/сағ.) жетеді.
Басқа осыған ұқсас жағдайларда ауа қозғалысы жылдамдығының
артуы тер бөліну үдерісін жылдамдатады. Желсіз ауа-райында ауа
ылғалдылығы жоғары кездерде тер булануы баяулайды, тер түзілу
жылдамдығы төмендейді. Бұл дене температурасының қосымша
көтерілуіне әкеледі.

    Ыстық жағдайларда болу барысында тер түзілу жылдамдығы
біртіндеп төмендейді («қажу»). Бұл тіпті, судың жоғалуын толығы-
мен ішілген сумен толықтарған жағдайда да байқалады. Ыстық
құрғақ ауа кезіне қарағанда жоғары ауа ылғалдылығы жағдайларында
тер түзілу жылдамдығының төмендеуі неғұрлым айқын көрінеді.
Тер түзілудің мұндай «қажу» үдерісінің табиғаты әлі ашылмаған.
Егер адамның саунада (құрғақ ыстық ауа) қайталап болуынан кейін
тер түзілуінің «қажуы» жүрсе, ал бұлшық ет жұмысы әлі де бол-
са, онда жеткілікті қарқынды тер бөлінуін тудыруға қабілетті келеді.
Теріні дамыл-дамыл сүрту немесе ауа қозғалысы жылдамдығын ар-
тыра отырып, құрғату бұл жағдайларда тер бөліну үдерісін жылдам-
датады.

    Бірдей дене жүктемесі мен сыртқы температура кезінде ер
адамдарға қарағанда, әйелдерде тер бөліну азырақ болатынын атап
өткен жөн.

    Су-тұз балансы. Жоғары ауа температурасы мен ылғалдылығы
жағдайында орындалған бұлшық ет жұмысы кезінде тер бөліну
күшеюінің ең ауыр салдарының бірі организмдегі су-тұз балансының
бұзылуы болып табылады. Ол дененің суды тез жоғалтуымен, яғни
жедел дегидратациямен (сусызданумен), сонымен қатар дененің
су кеңістіктерінде бірнеше электролиттер (тұздар) мөлшерінің
өзгеруімен көрінеді.

    Дегидратация туындауының әртүрлі себептері бар: сыртқы
ортаның жоғары температурасы жағдайында болу (термиялық де-
гидратация), ұзақ және қарқынды бұлшық ет жұмысы (жұмыс де-

           292

⇐ МАЗМҰНЫ
   287   288   289   290   291   292   293   294   295   296   297